Карантин күшейтіледі
Карантин күшейтіледі
116
оқылды
Ақмола облысының бас санитар дәрігері карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулы жариялады. Карантин аймақта вирус жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты күшейтілетін болды. Көкшетау маңына санитарлық бекеттер қойылады. Басқа облыстардың тұрғындары қалаға ПТР-анықтамасыз кіре алмайды. Қаулыға сәйкес, Көкшетау, Красный яр ауылы, Чайкино кенті, Станционный кенті тұрғындарына 21.00-ден 6.00-ге дейін автокөлікпен және жаяу жүруге тыйым салынады. Облыстың қалған елді мекендері үшін 23.00-ден 6.00-ге дейін жүруге тыйым салынады. Жұмыс күндері Көкшетауда, Красный яр ауылында, Чайкино кентінде және Станционном кентінде  қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тыйым салынады, демалыс және мереке күндері тек тамақ жеткізуге рұқсат етіледі. Азық-түлік дүкендерінің жұмыс тәртібі 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі.