WhatsApp-та да «пирамида» пайда болды
WhatsApp-та да «пирамида» пайда болды
104
оқылды

Мессенджерлер қаржы пирамидаларының «жерұйығына» айналып барады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының жүзден аса тұрғыны WhatsApp-тағы әлдебір топқа ақша салып, жаппай алданғаны белгілі болды.

Зардап шегушілер қаржы пирамидасына 100 мың теңгеден салыпты. Оларға алаяқтар екі ай ішінде салымын екі еселеп, 200 мың теңгеден қайтаруға сөз берген екен. Қазіргі кезде ШҚО-да қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша 3 адамға қа­тысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Облыстық Экономикалық тергеу департа­ментінің ха­бар­лауынша, күдіктілер WhatsApp мессенджерінде топ ашып, қаржы пирамидасын құрған. Олар хабарлама таратып, са­лынған ақшаны аз уақытта еселеп қайтаруға уәде етіпті. «Алайда аударылған ақша кері қайтарылмайтын болған. Ал пайыздық өсімді беру о бастан мүлдем қарастырылмаған. Нә­тижесінде, қаскөйлердің тұза­ғына 113 адам түсіп қалды», – деді департамент қызметкерлері. Олар тұрғындарды қысқа мерзімде шектен тыс көп та­­бысты уәде ететін жобаларға күмәнді инвестиция салудан аулақ болуға ша­қырды. Мұн­дайда тіпті қылмыскерлер ұстал­ғанымен, зардап шеккендерге қаржысын қай­тармауы мүм­кін. Ал қаржы пирамидасын құ­рушылар Қыл­мыстық кодекске сәйкес 5 жылдан 10 жылға дейін сот­талады. Бар мүлкі тәр­кі­ленеді.

Елдос СЕНБАЙ