Агросаланы дамыту көзделді
Агросаланы дамыту көзделді
294
оқылды

«Nur Otan» партиясының жанындағы «Аграрлық сектор» бағытындағы аймақтық комиссия мүшелері Қызылорда облысындағы «Жан-Арай» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмыстарды жетілдірудің жай-жапсарын талқылады.

Атап өту керек, өңірде мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруа­шылығы өндірісінің дамуында оң нә­ти­желер бар. Сыр диқандары су тап­шы­лығының туындауына қара­мас­тан, биыл күріштің әр гектарынан ор­таша 61,8 центнерден өнім алып, 551 мың тон­надан астам ел қамбасына ас­тық құйып, кезекті рекордтық көр­сет­кішті  жаңартып отыр. Аграрлық салада өндірілген өнім кө­лемі 94,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артқан. Ауыл шаруашы­лы­ғына салынған инвестиция көлемі 1,8 есеге, тамақ өнімдерін өндіруге са­лынған инвестиция 1,6 есеге ұлғай­ған. Биыл облыс бойынша барлығы 184,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, жалпы егіс көлемі соңғы бес жылда 16 мың гектарға көбейген. Кездесуде облыстық Ауыл шаруа­шы­лығы басқармасы басшысының кеңес­шісі Омархан Пашкенов суар­малы суға байланысты жыл сайынғы мәселелерді ескере келе, егіншілік са­ла­сын әртараптандыру бағытындағы қол­ға алынған жұмыстарды да атап өтті. «Соңғы бес жылда өңірде мал азы­ғы дақылдары 4,0 мың гектарға, күріш­тен басқа дәнді дақылдар 7,5 мың гек­тарға артты. Әртараптандыруға ба­ғыт­талған соя, жүгері және бидай да­қылдары егісінің көлемін ұлғайтып, ак­вагельді пайдаланып егілген 80 гек­тар күздік бидайдың әр гектарынан 18,0 центнерден өнім алынды. Сондай-ақ алдағы кезде күріштің егіс көлемін азай­тып 80-85 мың гектарға тұрақтан­ды­рып, орнына диверсификациялы да­қылдар егу көзделіп отыр. Келесі жы­лы Қазалы ауданында жаңбырлатып суғару тәсілімен егілетін 87 гектар жүгері, Жаңақорған ауданында томат пас­тасы өндірісін ашуға бағытталған 3 мың гектар қызанақ егу бірінші кезекте іске асырылмақ. Ал Шиелі ауданында пай­даланылған ағын суды қайта қол­дану арқылы жаңбырлату тәсілімен 10 мың гектарға жоңышқа дақылын егу қолға алынады» деп атап өтті. Инновациялық технологияны қол­данысқа енгізіп, күрішті ақтап қана қой­май, оның қалдығынан мал азығын дайын­дап отырған өндіріс орнының ұжы­мы кездесу барысында құрама жем­ге мемлекет тарапынан субсидия бе­ріл­се деген ұсынысын жеткізді. Жалпы,  «Жан-Арай» агроөнеркәсіп ке­шені әртараптандыру бағытында ал­ма бағы, ет бағытындағы қаз бен үй­рек өсіріп отыр. Алдағы уақытта жаңа­дан өндіріс көздерін ашу мақ­са­тында  жылыжай, көтерме сату орталы­ғы жобаларын жүзеге асырмақ.

А.ЖАСАНҰЛЫ