Циклонның әсерінен жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.
Дауыл соғып, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, ауа райы құбылмалы болып, жел қарқыны – 15-20 м/с-ке жетеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз желдің екпіні 23 м/с-ке жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл соғады.