Жел күшейіп, көктайғақ болады
Жел күшейіп, көктайғақ болады
166
оқылды

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады.

Кей жерлерде жаңбыр, қар жауады. Жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын соғады.

«Қазгидрометтің» мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болады. Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумағында жаяу бұрқасын жүреді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жел 15-20 м/с жетеді.