Шығыс Қазақстанда 32 жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды
Шығыс Қазақстанда 32 жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды
101
оқылды

Ол 3 миллион теңгеден астам шығынға батқан. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Инспекторлар жан-жақты тексеру нәтижесінде, күдіктіні ұстады.

«Полиция қызметкерлері мал ұрлаған күдіктіні ұстады. 47 жастағы жергілікті тұрғын өз кінәсін толықтай мойындаған. Тергеу барысында былтырдан бері осы уақытқа дейін күдіктінің осы шаруа қожалығынан 32 бас жылқы ұрлағаны белгілі болды», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған жылқыларды сатып алған адам анықталды. 52 жастағы қала тұрғыны 12 бас жылқыны алып, оның 11-ін басқа біреуге сатып жіберген.