Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Бюрократия: экспортшылар жапа шегуде

«Айқын» ақпарат
Қараша 11, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
бюрократия

© коллаж: Елдар Қаба

58
қаралым

Павлодар облысының тауар өндірушілері бюро­кра­тиялық ке­дергілерге тап бо­лып келеді. Әсіресе, өз өнім­дерін шетелге экс­порт­тайтын кәсіп­кер­лерге қиын соғуда. Олар дайын тауар­­ды шетел асыру үшін қажетті рұқ­сат қағаздарын апталап кү­туге мәж­бүр. Сал­­дарынан шы­ғын­ға ба­туда.

Шетелдің нарығынан «Қазақ­стан­да жасалған» деген белгісі бар тауар­ды көріп қалсақ, қуана­ты­ны­мыз рас. «Біздің өндіріс орын­дары­ның экспорттық әлеуе­ті артып ке­ле­ді» деп мар­қаямыз. Бірақ бизнес өз тауарын шетел асырып саудалау үшін бірталай кедергіден өтуге мәж­бүр болып жатқанынан ха­бары­мыз жоқ. Оған Павлодар облы­сы­ның Май ауданындағы «Ақжар Өн­діріс» ЖШС мысалы дәлел бола ала­ды.

Бұл – облыстағы өркен жайған ірі шаруашылықтардың бірі. Асыл­тұқым­ды мал өсіретін агро­фир­ма екін­ші жыл қатарынан қы­мыз, кон­серві өнімдерін Ресей нарығында саудалап келеді. Алайда серіктестік бас­шылығы тауа­рын экспорттау үшін талай ке­дергіден өтуге тура ке­летінін ай­туда.

– Бірінші кезекте, бұл – бю­ро­к­­ра­тиялық кедергілер. Дайын өнім­ге рұқ­сат қағаздарын алу үшін тым көп уақыт жұмсаймыз. Ал біз­дің өндіріп, ше­тел асыратын өні­міміз тез бұзы­ла­тын тауар­лардың санатына жата­тын­дықтан, әр күніміз санаулы.

Мәслихаттың жаңартылған құрамы жұмысқа кірісті

Жалған арыз жазған жүргізушіні жауапқа тартты

Павлодарда жол үстінде асфальт опырылып түсті

Мы­салы, қымыздың сақталу мерзімі – бір ай. Құжаттың әлегімен жүріп, уа­қытты өткізіп алған кездеріміз бол­ды. Кейде ресейлік серіктес­те­ріміз тауарымызды кейін қайтарып жі­беріп жатады, – дейді «Ақжар Өн­діріс» ЖШС директоры Гүлзира Қа­зылова.

Кәсіпкер дайын өнімге рұқсат алу үшін талай табалдырықты тоз­дырады. Алдымен тиісті өтініш жа­зып, ветеринария бөлімінен анық­тама алады. Одан кейін аумақтық инс­пекцияға жол тартады. Бұл ме­ке­меден тиісті жолдама алып, об­лыс­­тық ветеринарлық зертханаға ба­рады. Дайын нәтижемен аумақ­тық инс­пекцияға қайта келіп, ве­те­ри­нар­лық сертификатқа қол жеткізеді. Мұнымен әлек аяқтала қоймайды. Жер­гілікті кәсіпкерлер палатасынан өн­діріс сертификатын алуы қажет. Соң­ғы сатысы – салық мекемесі. Осы­лайша, кәсіпкер рұқсат қағаз­дарын алу үшін кемінде жарты ай уа­қытын жоғалтады.

Гүлзира Қазылова мемлекеттік мекемелер арасында сеңдей со­ғылып жүргенде уақыт жоғалтып, талай мәрте шығынға батқан. Ресейлік тұтынушылар жалпы сомасы 1,5 миллион теңгенің тауарын кері қайтарған. Онымен қоса, салықшылар 3 млн теңге көлемінде айыппұл да арқалатып жі­беріпті. Себебі кәсіпкер әр сауда айналымы кезінде элек­тронды шот-фактураны салық органдарында тіркеуі керек бо­лыпты. Бір сөзбен айтқанда, бю­рократия.

Павлодар облысындағы «Ата­мекен» кәсіпкерлер палатасы Өңір­лік кеңесінің төрағасы Қо­быланбек Қожин бұл мәселені ше­шудің бір ғана жолы бар екенін айтады.

– Кәсіпкерлерге, әсіресе, экс­порттаушылар үшін рұқсат қа­ғаздарын алудың жолын жеңілдету керек. Ол үшін  бір терезе қа­ғи­дасын іске қосу қажет, – дейді Қо­былан­бек Қожин.

Өкінішке қарай, қағаз­бас­ты­лық мәселесі тек экспорт­тау­шыларға ғана қатысты емес. Жер­гілікті кәсіпкерлер ел ішінде де бюрократияның құрбанына ай­налып жатқанын айтып, түрлі ме­кемелерге шағымданып келеді. Бұл мәселе төтенше жағдай режимі кезінде тіптен  өршіп кеткен.

Павлодар облыстық іскер әйел­дер қауымдастығының тө­рағасы Райхангүл Сатабаева ай­мақтың барлық қаласы мен ау­дандарын аралап, жеке кәсібін дөңгелетіп отырған әйелдер қа­уымымен жүздескенін айтты. Өкінішке қарай, олардың басым бөлігі бюрократиялық кедергілерге шағым айтып жатқан көрінеді.

– Аудан, ауылдардағы кәсіп­керлер санитар дәрігерлер тара­пынан ойға қонымсыз талаптар қойылатынын алға тартып отыр. Бұл ретте, елді мекендегі шағын биз­нес құрылымдар мен қалалық жер­дегі ірі өндіріс орындарының ара­жігін ажыратып алған жөн сияқты. Әйтпеген жағдайда, не­гізсіз айыппұл арқалап жүрген ауыл кәсіпкерлерінің қатары тым көп, – дейді Райхангүл Сатабаева.

Бюрократия – тек кәсіпкерлік саласына ғана тән проблема емес. Павлодар облысының әкімі Әбіл­қайыр Ысқақов тұрғындар тара­пынан қағазбастылық мә­селе­сіне қатысты көп шағым естиді. Мемлекеттік мекемелер арасында допша домалап жүретін азаматтардың арызынан аймақ басшысы да шаршаған болса ке­рек, облыстық әкімдікте арыз-шағыммен жұмыс істейтін жеке бөлім құрған болатын. «Ол бө­лімнің жұмысы жаңа форматта жүр­гізіледі. Бюрократияға жол берген шенділер қатаң жазаланады», – деп сендірді әкімдіктегілер. Оның жұмысының нәтижесін алдағы уақытта көре жатармыз. Ендігі кезекте,  Павлодар облысының әкімі бюрократияның құрбанына айналып отырған кәсіпкерлердің де мәселесіне назар аударса екен дейміз.

Данияр ЖҰМАДІЛ,
Павлодар облысы

 
Тегтер: бюрократиякедергіПавлодартауар өндірушілерэкспортшы
Алдыңғы жаңалық

Вакцина салдырған дәрігерлерден коронавирус анықталды

Келесі жаңалық

Шатырға шығып, түсе алмай қалған баланы құтқарды

Ұқсас жаңалықтар

салық, ипотека, Отбасы банкі, екінші деңгейлі банктер
Жаңалықтар

Ипотекасы бар азаматтарға салық төлеуде жеңілдік жасалатын болды

Қаңтар 18, 2021
Мұхтар Тілеуберді,Сыртқы істер министрі, Премьер-Министрдің орынбасары
Жаңалықтар

Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқаратын болды

Қаңтар 18, 2021
жиын, Шымкент, Nur Otan
Жаңалықтар

Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Қаңтар 18, 2021
Серік Шапкенов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, тағайындау
Жаңалықтар

Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Қаңтар 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ипотекасы бар азаматтарға салық төлеуде жеңілдік жасалатын болды

Қаңтар 18, 19:16

Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқаратын болды

Қаңтар 18, 18:58

Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Қаңтар 18, 18:40

Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Қаңтар 18, 18:32

Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Қаңтар 18, 18:19

Қазақстанда жаңа Үкімет жасақталды

Қаңтар 18, 17:59

«Бедеулікті емдеймін» – Алматыда алаяқ әйел ұсталды

Қаңтар 18, 17:48
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

салық, ипотека, Отбасы банкі, екінші деңгейлі банктер

Ипотекасы бар азаматтарға салық төлеуде жеңілдік жасалатын болды

Қаңтар 18, 2021
Мұхтар Тілеуберді,Сыртқы істер министрі, Премьер-Министрдің орынбасары

Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқаратын болды

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»