Жеке куәліксіз жүре беруге де болады
Жеке куәліксіз жүре беруге де болады
Енді жеке куәліксіз де жүруге болады. Бұған дейін мекенжай анықтамасын сұрату қолданыстан алынған болатын.

Электронды үкімет телефонға арналған eGov mobile қосымшасын қолданысқа енгізді. «Ұлттық ақпараттық технологиялардың» Facebook-тегі ресми парақшасындағы мәліметке сәйкес, қажет болған жағдайда жеке куәлікті QR-код арқылы телефоннан көрсетуге болады.

Жеке куәлікті ұялы телефонда электронды түрде сақтауға мүмкіндік бар.

Қосымшаны Play Market пен App Store-дан көшіріп алуға болады.