Енді жеке куәліксіз де жүруге болады. Бұған дейін мекенжай анықтамасын сұрату қолданыстан алынған болатын.
Электронды үкімет телефонға арналған eGov mobile қосымшасын қолданысқа енгізді. «Ұлттық ақпараттық технологиялардың» Facebook-тегі ресми парақшасындағы мәліметке сәйкес, қажет болған жағдайда жеке куәлікті QR-код арқылы телефоннан көрсетуге болады.
Жеке куәлікті ұялы телефонда электронды түрде сақтауға мүмкіндік бар.
Қосымшаны Play Market пен App Store-дан көшіріп алуға болады.