Автобус үйге соғылған апат: Жүргізуші әйел көз жұмды
Автобус үйге соғылған апат: Жүргізуші әйел көз жұмды
126
оқылды

Қостанайда жол апатынан әйел көз жұмды.

alau.kz-тің жаузынша, Затобол кентінде жолаушылар автобусы тұрғын үйге барып соғылған. Полиция департаментінің мәліметінше, жолаушылар автобусы мен Volkswagen Tiguan жеңіл көлігі соқтыққан. Кейін автобус тұрғын үйдің қоршауын бұзып өтіп, үйге соғылған. Аймақтық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, автокөлікте 60 жастағы әйел жүргізуші болған.

«Ол қауіпсіздік белдігін тақпаған, орындық пен панельдің арасына қысылып қалған. Бас миы зақымданып, қабырғалары сынған. Оны қарау кезінде демі үзіліп, жүрегі тоқтады. Жарақаты тым ауыр болды», — деді басқарма өкілдері. Ал автобус жүргізушісінің қабырғасы сынған.