Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Әкімдер бос жерді неге жасырады?

«Айқын» ақпарат
Қараша 11, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
жер

Мемлекеттік жер ешкімнің меншігі емес. Алайда бұл сөз бүгінде  ақпа құлақтан ағып, құйма құлаққа жетпей жатқандай. Олай дейтініміз Жамбыл облысында игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке кері қайтармау мақсатында  әкім қаралардың өзі  түрлі құйтырқы әрекеттерге баруда. Олардың дені  бос жатқан жер көлемін жасырып, құзырлы мекемелерге жалған ақпарат беруде.

Бұл мәселе күні кеше облыс әкімдігінде өт­кен жиында жіті талқыланды. Жер қатынастары басқармасы мен жер инспекциясы берген ақпаратқа сүйенсек, биыл  70 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланыпты.  Бүгінде  72 155 гектар жер қайтарылған.  Оның ішінде 5 390 гектар егістік болса,  66 765 гектар жайылымдық жер.

Мойынқұм ауданы бойынша жоспар  орын­далса, Шу, Сарысу, Қордай және Т.Рысқұлов аудандарында игерілмеген жердің үлкен көлемі анықталған. Сонымен қатар  бұл істе Байзақ, Жуалы, Меркі, Жамбыл және Талас аудандарында да айтарлықтай түйткіл бар.

Пайдаланусыз жатқан жерді анықтап, оны  айналымға енгізу аудан әкімдерінің  негізгі міндеті саналады.  Алайда әкімдердің бұл мәселеге жіті көңіл бөлмеуі  былай тұр­сын, игерілмей жатқан жерді жасырып жатқандарына не дерсің?

Шопанға да мұқтажбыз

Сотталғандар да вакцина салдыруда

Таразда «Dmitri&Company» иесінің қызын ұрлап, ақша талап еткені рас па?

Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Әбілқайыр Тамабектің айтуынша, кейбір әкімдіктер игерусіз  жатқан ауылшаруашылық жерлерінің көлемі туралы нақты сандарды  жасырып, жалған ақпарат береді екен. Мәселен, Қор­дай ауданының әкімдігі игерусіз жат­қан 15,5 мың гектар жайылым бар деп хабарлағанымен, тексеру кезінде 99 мың гек­тар жер анықталған. Осындай  қисынға келмейтін  сандар  Сарысу, Т.Рысқұлов және Шу аудандарының әкімдіктері ұсынған ақпараттардан да көрініс тапқан. Ал жалпы  облыс бойынша пайдаланусыз жатқан 400 мың гектарға жуық жайылымдық жер анықталған десек, жергілікті әкімдіктердің жолдаған ақпаратымен  ол бар-жоғы 107 гек­ тар деп көрсетілген.

Жыл басынан жұмысы қарқынды жан­данған тексеру тобы бүгінде әр аудан бойынша нақты сандарды келтіріп отыр. Мысалы,  Меркі ауданында 1 247 гектар, Талас ауданында 1 193 гектар, ал Қордай ауданына 559 гектар жер жергілікті әкімдік берген ақпаратпен мүл­де үйлеспейді.

Жиынға онлайн байланыс арқылы қатысып отырған аудан әкімдері әккі әдеттеріне салып, жыл соңына дейін барлық олқылықтың орнын толтыруға уәде етті. Алайда мұндай жаттанды жауап облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты қанағаттандырмады.

–   Жер айналымда болуы керек, оны ұтымды ұқсатып, барынша өнімділік тұрғыда пайдаланған абзал. Бізге егіс алқабын кеңейту, ауыспалы егістік бойынша жұмыс жүргізу қажет. Өңірімізді өз өнімдерімізбен толық қамтамасыз ету үшін ең бірінші қолда бар жердің барлығын тиімді пайдалану керек. Бұл бағыттағы көп жұмыс әкімдерге байланысты, – деген аймақ басшысы бір ай ішінде ауылшаруашылық  жерлері туралы объективті ақпарат беруді әкімдергі шегелеп тұрып тапсырды.

Жалпы,  бұл жерге қатысты Жамбыл облысында тіркелген жалғыз жағдай емес. Бұған дейін де «көкесі» мен «жәкесі» мық­тылар мемлекеттік жерді меншіктеп алғанын жазғанбыз. Бүгінде аталған жердің бірқатары қайтарылғанын мамандар айтып отыр. Бұл,  әрине жанға жылу беретін ақпар. Алайда енді әкімдердің игерілмей жатқан жерді жасыруы  жығылғанға жұдырық болып  тұр.

Негізі, ұзынқұлақтан естігеніміз аудандағы жердің дені үлкен лауазымды қызметте отырған басшылардың туған-туыстарының атына жазылып кеткен көрінеді. Бәлкім,  аудан әкімдері сол себепті бата алмай, бар жерді жасырып  отырған шығар?

Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы

  

 
ID: 0
Тегтер: әкімЖамбылжержиынигерілмей жатқан жермемлекеттік жер
Алдыңғы жаңалық

Көпір үстіндегі жол апатынан екі адам зардап шекті

Келесі жаңалық

Бұдан былай тауар тасымалдайтындар кеденде көп бөгелмейді – Мәжіліс

Ұқсас жаңалықтар

шопан
Әлеумет

Шопанға да мұқтажбыз

Сәуір 21, 2021
шетелдік жұмысшы, Қазақстан, Қытай, Түркия
Жаңалықтар

Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Сәуір 21, 2021
Ashyq қосымшасы
Жаңалықтар

Ashyq-қа «қызыл мәртебесі» бар адамдар тұтылды

Сәуір 21, 2021
коронавирус, пневмония, ауру, адам өлімі
Жаңалықтар

COVID-19: бір күнде 26 адам қайтыс болды

Сәуір 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шопанға да мұқтажбыз

Сәуір 21, 10:00

Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Сәуір 21, 09:59

Ashyq-қа «қызыл мәртебесі» бар адамдар тұтылды

Сәуір 21, 09:40

COVID-19: бір күнде 26 адам қайтыс болды

Сәуір 21, 09:33

Аңның ағзасы адамға ем бе?

Сәуір 21, 09:20

Алматыда полиция жиһазға «тапсырыс» қабылдаған алаяққа алданғандарды іздеп жатыр

Сәуір 21, 09:00

Мәңгілік ел – мемлекеттілік ұстыны

Сәуір 21, 08:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

шопан

Шопанға да мұқтажбыз

Сәуір 21, 2021
шетелдік жұмысшы, Қазақстан, Қытай, Түркия

Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Сәуір 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»