Есімі естен кетпейді

Есімі естен кетпейді

Бабалар «қамшының сабына» теңеген пәни дүние  қимас жандарды арамыздан әкеткенде  қабырғамыз сөгіліп кете жаздайды-ау, әттең. Жуырда өмір тағы да жанды жара­лады. Өмірден Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері,  профессор Ерке­бұлан Саламат­ұлы Мүсіреп өтті.

Еркебұлан Саламатұлы  1946 жылдың  5 мамырында Қостанай облысы Қарабұлақ ауданы Тас­түзек ауылында дүниеге келді. Алматыдағы П. Чайковский атын­дағы музыка  училищесін баян және оркестр  дирижері ма­мандығы бойынша бітіргеннен кейін білімін жоғарылатты. Ол Ле­нинград мәдениет жоғары мек­тебін және Мәскеу мәдениет ин­ститутын  тәмамдады.  Өз за­манында КСРО-ның  үздік 5 баян­шысының құрамында бо­лып еді. Ленинградтағы оқуын аяқ­таған соң Алматы қаласының кә­сіптік-техникалық білім бөлімін басқарды. Республикалық «Гүл­дер» ансамблінің директоры, «Қазақконцерт»  директорының  орын­басары қызметтерін атқар­ды. Құрманғазы атындағы мем­лекеттік ұлт аспаптар оркестрінің директоры қызметін 20 жылдан астам уақыт атқарған қайраткер осынау өнер ұжымы жайлы та­маша кітап та жазған болатын.  Еркебұлан Мүсіреп басқарған жылдары кезінде академик Ах­мет Жұбанов негізін қалаған  оркестрдің даңқы аспандап,  өнер ұжымы  төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінде шығармашылық тур­неде болған-ды. Сөйтіп,  қа­зақ өнерін әлемге танытқан еді. Ол Қостанай облысы Қарабұлақ ауданының құрметті азаматы еді. Еркебұлан Саламатұлы  елі­міздің  мәдениетінің дамуы мен ұлт мұрасының сақталуы жолында аянбай еңбек етті. Сөйткен асыл азамат енді көңіліміздің тө­рінен естелік ретінде ғана орын алып,  қарашаның 7-сі  күні бақиға аттанды. Өзекті өртеп кетті. Дегенмен Еркебұлан Саламат­ұлының жарқын бей­несі шәкірттерінің, туған-туыс­тарының, халқының есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Еткен еңбегі мен  шығармашылық мұрасы ел тарихында  сақталатынына де  кәміл сенеміз. Жатқан жеріңіз жайлы бол­сын, ұстаз!

А .СҰЛТАН