Алматыда метро вагонына жармасқан блогерді жауапқа тартты
Алматыда метро вагонына жармасқан блогерді жауапқа тартты

Блогер әлеуметтік желіде танымал болу үшін метро вагонына жармасып, оны камераға түсірген.

«Ол өзінің әрекетін өмірі мен денсаулығына және жол қозғалысына қауіп төндіретінін білмеді деп ойламаймын. Ч. есімді азамат заңға сәйкес шаралар қабылдау үшін тәртіп сақшылары оны іздейтінін білді. Сондықтан ол жасырынған. Алайда кеше кешке ол ұсталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы («Темір жол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Ч. есімді азаматқа қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді», – дейді метрополитендегі полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі  Тимур Өсекбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2 қараша күні метрода видео түсірген блогер туралы жазған болатынбыз.