Қордайдағы 11 адам қаза тапқан жол апатына қатысты сот үкімі шықты
Қордайдағы 11 адам қаза тапқан жол апатына қатысты сот үкімі шықты
133
оқылды

Қордай аудандық соты жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісіне қатысты сот үкімін шығарды.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушіге Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша үкім кесілген.

«Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Сот оның осыған дейін сотты болмағанын ескере отырып, оны бес жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, ол жеті жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушыдан зардап шеккендерге өтемақы ретінде 15 АЕК өтелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ» делінген хабарламада.

Биыл 20 сәуірде таңғы сағат 5-тер шамасында Жамбыл облысы Қордай ауданында жол апаты салдарынан 11 адам қаза тапқан еді.