Бадам тұрғыны Базарбек Раушановтың үй құстары өткен жұмадан бастап шетінен қырыла бастаған.
Алдымен тамағы қырылдап, тұмсығынан сілейі аққан, алдына қойған жемді жемеген. Сондықтан мерт болғандарының бәрін жұқпалы болар деп қауіптеніп, өртеп жіберген. Ал, аман қалған екі тауықтың да жағдайы нашар дейді. Бұл ауданда тауықтары қырылған бірнеше үй бар. Кесел қайдан келгенін білмей абдыраған олар ветеринар дәрігерлерді шақырыпты.Тұрғындар құс тұмауы келді деп қауіптенеді. Бірақ мамандар Шымкентте құс тұмауы жоқ дейді.«Клиникасы бойынша құс тұмауына келмейді. Екі тауығын кеше бақылауға қойды. Егер де сол екі тауығының біреуі өлетін болса, сол жерден міндетті түрде жедел сынама алынып, зертханаға жіберуге дайынбыз», – деді қалалық Ауылшаруашылық және ветеренария басқармасының бөлім басшысы Манарбек Ержігітов.