ІІМ Тергеу департаментінің басшысы тағайындалды
ІІМ Тергеу департаментінің басшысы тағайындалды
144
оқылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Тергеу департаментінің жаңа басшысын таныстырды.

Тергеу департаментінің басшысы қызметіне полиция полковнигі Санжар Әділов тағайындалды. 

Санжар Әділов 1977 жылы туған.

1999 жылдан бері Ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Басшылық қызметтерде тәжірибесі мол. Түрлі жылдары құқық қорғау органдарының (ішкі істер мен қаржы полициясы) тергеу бөлімшелерінде, ІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеген. 

2013 жылдан бері Нұр-Сұлтан мен Алматы полиция департаменттері басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.