Тәжікстанның шекара бекетінде 17 адам қаза тапты

Тәжікстанның шекара бекетінде 17 адам қаза тапты

Шекара бекетіне шабуыл жасағандарды анық-қанығы тексерілуде.

РИА Новостидің мәліметінше, 20 адамнан құралған қарулы топ тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» бекетіне шабуыл жасады. Оның 15-і қаза тауып, 5-уі ұсталған. Операция кезінде Тәжікстан тарапынан екі қызметкер қаза болды.

«Түнде 20 адамнан құралған, маска киген топ ұрыс қаруымен Өзбекстанмен шекарада, Душанбенің батысында 60 шақырым жердегі «Султанабад» шекара жасағы әскери бөлімінің №4 «Ишкобод» шекара бекетіне шабуылдады», — деді агенттік өкілдері. 

Шабуыл барысында белгісіз топ бес автоматты алып үлгерген. Тәжікстан ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, «Күш құрылымының операциясы барысында қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды. Қарулы қақтығыста шекара әскерінің сарбазы мен бір милиционер қаза тапты». 

Тергеу басталды.