«Айналып тұрады» – көлігіне мемлекеттік нөмірді дұрыс тақпаған жүргізушіні жауапқа тартты
«Айналып тұрады» – көлігіне мемлекеттік нөмірді дұрыс тақпаған жүргізушіні жауапқа тартты
5,198
оқылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Түркістан облысының полицейлері тексеру кезінде көлігінің мемлекеттік нөмірін айналатын етіп қайта жабдықтап алып жүргені жөнінде бейнежазбаны анықтады. Тәртіп бұзған Toyota Camry маркалы көлік жүргізушісі анықталды.   https://youtu.be/5_KSujCxTzM

Жүргізушіге ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлімі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Аталған баптың 7-бөлігінде "Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару – он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынады" деп көрсетілген.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді келеңсіздіктерге жол бермеуге шақырады.

Қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасауы тиіс. Мақтаныш үшін ойына келгенді істеуге болмайтынын ескертеді.