Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Түркістан облысының полицейлері тексеру кезінде көлігінің мемлекеттік нөмірін айналатын етіп қайта жабдықтап алып жүргені жөнінде бейнежазбаны анықтады. Тәртіп бұзған Toyota Camry маркалы көлік жүргізушісі анықталды. https://youtu.be/5_KSujCxTzMТүркістан облысының полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді келеңсіздіктерге жол бермеуге шақырады.Жүргізушіге ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлімі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Аталған баптың 7-бөлігінде "Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару – он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынады" деп көрсетілген.
Қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасауы тиіс. Мақтаныш үшін ойына келгенді істеуге болмайтынын ескертеді.