Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің есімі белгілі болды

Алматыда Nur Otan қалалық филиалының конференциясында мәслихатқа партиялық тізім қалыптастырылып, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды.

Нұрбек БАҚЫТ
Қараша 11, 2020
Жаңалықтар, Nur Otan
мәжіліс, депутат, сайлау, кандидат

Сондай-ақ, қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның XX съезіне қатысу үшін делегаттар сайланды, – деп хабарлайды Nur Otan Орталық аппаратының баспасөз қызметі.

Сонымен, ең жоғары рейтингісі бар праймеризге қатысушылар қатарынан және филиал квотасын ескере отырып, қала мәслихатына 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша 78 кандидаттан тұратын партиялық тізім түзілді.

Тізімге белгілі қоғам қайраткерлері, азаматтық сектор, БАҚ өкілдері кірді. Олардың арасында көп балалы ана Гүлжан Бекенова, праймериздің ең жас қатысушысы – шахматшы Жансая Әбдімәлік, кардиохирург дәрігер Алмат Қодасбаев және басқалары бар. Толық партиялық тізіммен primaries.kz сайтында танысуға болады.

 

Шымкентте 1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

Қарағанды облысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді

ШҚО-да сайлауалды бағдарламаның орындалуын қадағалайтын 12 қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді

Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 2 есе – 16-дан 35%-ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 6 есе – 2,7-ден 20%-ға дейін өсті. Үміткерлердің орташа жасы 8 жасқа – 52 жастан 44 жасқа дейін жасарды. Қызметтегі 29 депутаттың 16-сы ғана жаңа партиялық тізімге енді.

Тізімде ШОБ өкілдерінің үлесі басым – 41%, білім беру саласы – 14,1%, үкіметтік емес ұйымдар – 11,5% және т.б.

Конференция барысында мәжіліске партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Бірінші раундта қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі тезистерін таныстырды, екінші раундта «сұрақ-жауап» түрінде пікірталас сессиясы өтті.

13 үміткердің ішінен партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы қалалық квотаға сәйкес 7 кандидатты таңдады.

Парламенттің төменгі палатасының депутаты Артур Платонов, Алмалы аудандық филиалының төрағасы Бекқали Торғаев, білім беру саласының өкілі Жұлдыз Досбергенова, қалалық Қоғамдық кеңестің өкілі Алтынай Көбеева, қоғам белсендісі және «Мен алматылықпын» қозғалысының жетекшісі Константин Авершин, жасотандық Мәди Ахметов және бизнес өкілі Шухрат Шардинов ең көп дауыс жинады.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Станислав Конкуров атап өткендей, партияның қалалық сайлауалды бағдарламасы Алматыны дамытудың 12 драйверін және праймериз аясында тұрғындардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалдардың конференция кестесін жариялаған болатын, оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және әр өңірден Мәжіліске арналған партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады.

Сонымен, кеше Шымкент қаласында конференция өтті, ал ертең Нұр-Сұлтан қаласында конференция өтеді. Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында 16 қараша күні өтеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 17 қарашада өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Қалалық және аймақтық конференцияларда кандидаттар арасындағы пікірсайыс праймериздің екінші деңгейі аясында өткізіледі.

Партияішілік іріктеудің бірінші кезеңіне 10 мың кандидат қатысты. Оның 37%-ы – әйелдер, 29%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 30%-ы ұсынылса, 70%-ы – өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлердің орташа жасы – 43 жас. Бұл ретте дауыс беруге 662 мыңнан астам партиялық қатысты.

 
ID: 0
Тегтер: депутаткандидатМәжіліссайлау
Алдыңғы жаңалық

Канал жөнделіп жатыр

Келесі жаңалық

Қорғаныс министрлігі жерге неге таласты?

Ұқсас жаңалықтар

пышақ
Жаңалықтар

Ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірді

Сәуір 20, 2021
ұзын
Жаңалықтар

Ұзын бойлы жігіт әскерде кереуетке сыймай жүр – видео

Сәуір 20, 2021
Венеция
Қазақстан

«Қазақстандағы Венецияны» салуға қанша қаржы жұмсалды?

Сәуір 20, 2021
Суперлига
Жаңалықтар

УЕФА Суперлига турниріне қатысты мәлімдеме жасады

Сәуір 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірді

Сәуір 20, 00:40

Ұзын бойлы жігіт әскерде кереуетке сыймай жүр – видео

Сәуір 20, 00:33

«Қазақстандағы Венецияны» салуға қанша қаржы жұмсалды?

Сәуір 20, 00:04

УЕФА Суперлига турниріне қатысты мәлімдеме жасады

Сәуір 19, 23:17

TikTok түсіргені үшін мұғалімді жұмыстан шығарған

Сәуір 19, 23:16

Айсұлтан Сейітов алғашқы фильмін түсіріп бітті

Сәуір 19, 22:48

Б.Байбек Алматыдағы басты даңғыл атауының Назарбаев деп өзгертілу себебін айтты

Сәуір 19, 22:02
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

пышақ

Ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірді

Сәуір 20, 2021
ұзын

Ұзын бойлы жігіт әскерде кереуетке сыймай жүр – видео

Сәуір 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»