Бұдан былай түрмедегілермен жұмыс істейтін имамдар жалақы ала ма?
Бұдан былай түрмедегілермен жұмыс істейтін имамдар жалақы ала ма?

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз имамдардың жалақысы мәселесін көтерді.

Ол Дінтанушыларының ХІ форумында екі ұсыныс айтты. Бірі — «Тарих және діни сана» жобасын бірлесіп жүзеге асыру. Екіншісі — имамдардың тынымсыз қызметін ескеріп, оларға да әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасау. Оның ішінде, 100-ге жуық еліміздегі түзеу мекемелерінде жұмыс істейтін дін қызметкерлеріне тұрақты жалақы тағайындау қажет деді.