АҚШ Париж келісімінен шығатынын мәлімдеді
АҚШ Париж келісімінен шығатынын мәлімдеді
112
оқылды

АҚШ климаттың өзгеруі бойынша Париж келісімінен шығудың ресми жұмысын бастады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Twitter-дегі парақшасында келісімнен шығу процесі 5 қараша күні басталғанын жазды.

Оның айтуынша, АҚШ атмосфераға түсетін зиянды қалдықтарды азайту бойынша әлемдік көшбасшылығын мақтан тұтады. Халықаралық БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ Мемлекетттік департаменті БҰҰ-на келісімнен шығатыны туралы ресми хабарландыру жіберген. Шығу процесі бір жылға созылады.