Павлодарда ПИК есепшісі ұйымның 1,1 млн теңге қаражатын иемденді деген күдікке ілінді

Павлодарда ПИК есепшісі ұйымның 1,1 млн теңге қаражатын иемденді деген күдікке ілінді

Павлодарда ПИК төрағасы полицияға жүгініп, қаржылық құжаттарды тексеру кезінде ұйымда ақша қаражатының жетіспеушілігі анықталғанын айтқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Келітірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 1 млн 160 мың теңге. Тергеу барысында полиция ПИК-те бас есепші болып жұмыс істеген 46 жастағы бұрынғы қызметкерін ақша ұрлады деп күдіктенуге негіз бар екенін анықтады. Осы ұйымда бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келген әйел бір-екі ай бұрын еш  себебін түсіндірместен кетіп қалған. Кейін анықталғандай, бұрынғы бас есепші бір жыл ішінде қаражатты өз пайдасына жұмсаған», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Полиция мекеме иелеріне өз кәсіпорындарында, фирмаларында мезгіл-мезгіл түгендеу мен аудит жүргізуді, тауарлар мен материалдарды сақтау орындарында өткізу жүйесін, бейнекамераларды орнатуды ұсынады.
«Талдау нәтижесі көп жағдайда қылмыстық құқықбұзушылықтың бұл түрін бухгалтерлер, кассирлер, қойма меңгерушілері, дүкен сатушылары, экспедиторлар, сарапшы бағалаушылар жасайтынын көрсетіп отыр. Басшылық ұзақ уақыт бойы аудит жүргізбейді, өйткені олар жұмысшылардың  адалдығына сенеді. Бірақ сенім ақталмайтын кездер де болады», - дейді департаменттегілер.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.