ҚХА төрағасының екі орынбасары тағайындалды

ҚХА төрағасының екі орынбасары тағайындалды

ҚХА төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.   Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Төлегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімдерімен Юсуп Хасанович Келигов және Шерзод Аббозович Пулатов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.