Нұр-Сұлтандық оқушылар олимпиадада 35 медаль иеленді
Нұр-Сұлтандық оқушылар олимпиадада 35 медаль иеленді
134
оқылды

2019 жылдың 28 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Түркияның Анталия қаласында ХІ халықаралық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты оқушылардың білімге, шығармашылыққа деген қызығушылығын анықтап, қабілетін дамыту. Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының пәндерін оқу саласындағы біліммен алмасу. Оқушылар мен әр түрлі елдердің студенттері арасында мәдени байланысты дамыту. Қатысушыларды Түркия республикасының білім беру жүйесімен таныстыру.

Олимпиада математика, физика, химия, биология, дүниетану, ағылшын тілі, орыс тілі, түрік тілі, дүниежүзі тарихы, бейнелеу өнері, туризм және қонақ үй менеджменті пәндері бойынша өткізілді Олимпиадаға 24 мемлекеттен 1500 оқушы қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласының №82 мамандандырылған «Дарын» лицейінен 31 оқушы қатысып, нәтижесінде 35 медаль иеленді. Атап айтсақ:

Математика пәні бойынша13 медаль, жалпы командалық 1 орын (кубок);

Химия пәні бойынша 4 медаль, жалпы командалық 1 орын (кубок);

География пәні бойынша 4 медаль, жалпы командалық 1 орын (кубок);

Орыс тілі пәні бойынша 4 медаль, жалпы командалық   3 орын (кубок);

Биология пәні бойынша 1 медаль;

Бейнелеу өнері 1 медаль;

Ағылшын тілі 3 медаль;

Физика пәні бойынша 2 медаль;

Дүниетану пәні бойынша 3 медаль.

Осының нәтижесінде ХІ халықаралық пәндік олимпиадасының жеңімпазы атағын «Ең үздік» команда кубогін жеңіп алды. 10 оқушыға жазғы демалыс лагеріне жолдама берді.