Nur Otan: Ақтауда қалалық филиалдың кезектен тыс XXXIII конференциясы өтті

Nur Otan: Ақтауда қалалық филиалдың кезектен тыс XXXIII конференциясы өтті

Nur Otan партиясы Ақтау қалалық филиалының төрағасы Н.Қилыбайдың төрағалығымен кезектен тыс XXXIII конференция өтті.

Аталған конференцияның күн тәртібінде партияның бағдарламасын бекіту, пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды. Конференция барысында облыстық және қалалық мәслихаттары үшін Nur Otan партиясының партиялық тізіміне қосылуға үміткер болып отырған праймериз бойынша кандидаттар арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа қатысатын кандидаттар тізімі Primaries.kz порталында жарияланды. Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, ұсынылған мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл орайда, қазіргі қоғамда орын алып жатқан көптеген мәселелер талқыға салынды. Келесі кезекте, арнайы бөлмеде арақашықтықты сақтай 7 компьютер орнатылып, кезек кезегімен дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды. Конференция барысы партияның қалалық филиалының әлеуметтік желілердегі аккаунтарында тікелей эфирде көрсетілді. Қазіргі таңдағы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты сақтық шаралары толықтай сақталып ұйымдастырылды.