Қазақстанда жұмыс іздеуші адамдар саны артып келеді. Бұл тұрғыда өсім Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғары көрсеткішке ие болды, деп хабарлайды LS.
2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтарына 170 мың адам тіркелген. 2018 жылдың қыркүйегінде бұл көрсеткіш 146,8 мың адам болған.
Осылайша, жұмыс іздеген қазақстандықтардың саны бір жылда 15,8% артты.
ЕАЭО-ның статистикасына сүйенсек, биыл өсім тек Қырғызстанда жоғары болып отыр, көрсеткіш 21,5%-ға (83,2 мың) жетті.
Ресейдің жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздардың саны 2,5% өсіп, 665,7 мың адам болды. Ал, Беларуссия мен Арменияда олардың саны бір жыл ішінде, керісінше, 25,3%-ға және 6,8%-ға азайған.