FlyArystan 6 айлық жұмыс нәтижесін қорытындылады
FlyArystan 6 айлық жұмыс нәтижесін қорытындылады

FlyArystan бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылап, 6 айдың ішінде ұшақ борттарын 94 пайызға толтырып, рейстердің 93 пайызын уақытылы орындаған. Барлық тасымалданған жолаушылар саны 455 мыңнан асқан.

2019 жылдың 1 мамырынан бастап отандық лоукостер 600 мыңнан астам билетті сатып үлгерді. Олардың ішінде желтоқсанның 13-нен бастап орындалатын Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Нұр-Султан халықаралық бағыты билеттері де бар. Бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша 2500 рейс орындалғанын атап кеткен жөн.

 – FlyArystan-ның минималды тарифтері 3 999 теңгеден (10 АҚШ доллары) басталады. Әрбір рейсте орташа есеппен 170 жолаушы сапар шегеді. Олардың 56% (95 жолаушы) ең арзан 4 брондау классының билеттерін сатып алды, 9% (15 жолаушы) ең қымбат классын брондаған екен. Ал қалғаны орташа деңгей билеттерін алыпты. FlyArystan нарықта пайда болуынан кейін көптеген тұрғындар ұшаққа жиі отыра бастады. Барлық билеттердің 47 пайызын құраған 10 000 теңгеге дейінгі билеттер ел тұрғындарының ұшақпен қатынау көзқарасын өзгертті, – деп мәлім етті FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Жыл соңына дейін лоукостердің қарқынды түрде дамып келе жатқан 10 ішкі бағытына тағы 3 жаңа рейс қосылады. Осылайша әуетасымалдаушы парктегі төртінші ұшақ бортымен Нұр-Сұлтаннан Жуковскийге қатынай бастайды. Ал 2020 жылдың соңына дейін FlyArystan авиапаркі 10 реактивті Airbus A320 ұшағына дейін толығып, Қарағанды мен Ақтөбедегі жаңа базалардан рейстерді орындай бастайды. Бұл бағдарлар кестесін 40 бағытқа дейін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.

FlyArystan басшылығы Тим Джорданның ойынша 2020 жылы Қазақстан әлемдік ішкі тасымал нарығының ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекеті болмақ. «2019 жылдың қазан айының нәтижесімен былтырғы жылдың дәл осы мезгілі нәтижесін салыстырғанда еліміздің әуежолаушылар саны 33% өскен. Өсімнің бірден-бір себебі FlyArystan лоукостерінің пайда болуымен тікелей байланысты. Бұл FlyArystan  бюджеттік компаниясына, Эйр Астана компания тобы мен жалпы бүкіл қазақстандықтарға жағымды жаңалық болатыны сөзсіз. Салыстырмалы түрде 2018 жылы әуетасымалы ең қарқынды дамыған, яғни жолаушылар саны 19% өскен ел – Үндістан» – деп FlyArystan лоукостерінің бас өкілеті ойымен бөлісті.

FlyArystan әуефлотының орташа жасы – 6 жыл, 180 орны бар 3 Airbus 320-232 ұшақтарынан құралған. 2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Бұдан бұрын лоукостер бекеттері Алматы, Қарағанды мен Ақтөбеде негіздейтіні туралы мәлім етті.