Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Бойымда орыс қаны тулап жатса да, менің жаным – қазақ

Сондықтан мен әрқашан және барлық жерде өзімді «орыстың қазақ қызы» деп таныстырамын.

Рая Мінап
Қараша 11, 2020
Жаңалықтар
Трегубова

Құрметті Елбасы!

Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мен Ресейдің Ульяновск облысында дүниеге келдім. Анам – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тумасы. Мектеп бітірген соң, ілім-білім іздеп, Ресейге аттанды. Сол жақта әкемді жолықтырып, екеуі шаңырақ көтереді. Арада бес-алты жыл өткенде шешем әкемді төркініне таныстырмақ болып, Қазақстанға келеді. Әкеме қазақ елінің қонақжайлығы ұнағаны соншалық, біз Ресейге қайтып оралмадық.

«Насаб наме сұлтан Сыдық» қазақ тілінде жарық көрді

Кітапхана – ұлттың рухани азығы

Салт-дәстүр – ұлттың айнасы

Мен кішкентай Ұланбел ауылында өсіп, сол жерде қазақ тілінде білім алдым. Ал ағам мемлекеттік тілді менен жақсы біледі. Бізге үйдегілерден тыс сырласу қажет болса, біз қазақ тілінде сөйлесуге көшеміз. Осындай сәтте олар бізге «Нағыз қазақтар» деп әзілдейді.

Менің бойымда орыс қаны тулап жатса да, менің жаным – қазақ. Сондықтан мен әрқашан және барлық жерде өзімді «орыстың қазақ қызы» деп таныстырамын.

Нұрсұлтан Әбішұлы!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымыз түгенделіп, қайта жаңғырды.

Сіз әрқашан этностардың Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік саласының және мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесін атап жүресіз.

Рахмет, Сізге!

Биыл «Қазақстандағы этностардың Қазақстан халқының ортақ тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлесі» жобасы іске асырылды.

Онда В.Радлов, Г.Бельгер, Е.Брусиловский және басқалардың есімдері жазылған. Олар барлық қазақстандықтарға рухани жақын және біздің бірлігіміздің алтын арқауы.

Құрметті Президент!

Сіз бастаған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған поэтикалық челленджге 1000-нан астам түрлі этнос жастары белсене қатысты.

Ассамблеяның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысындағы достарым әлеуметтік желілерді Абайдың өлеңдерімен, сөздерімен, әндерімен толтырды.

Абайдың арқасында қазақ тілі бізді – түрлі этнос жастарын біріктірді.

Абай шығармашылығына деген махаббатымды осы бір өлең жолдарымен паш еткім келеді.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Ғұлама Абайдың мол мұрасын ғасырдан-ғасырға жеткізетін біз – жастармыз.

Ендеше Абайды бірге оқиық, бірге зерттеп-зерделейік, бірге таниық!

Рахмет!

Виктори ТРЕГУБОВА,

журналист

 
ID: 0
Тегтер: қазақ тіліорысұлт
Алдыңғы жаңалық

Елбасының төрағалығымен ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Келесі жаңалық

Этносаралық бірлікті сақтауда мемлекеттік тілді білу аса маңызды

Ұқсас жаңалықтар

мектеп, оқушы, Алексей Цой, коронавирус
Жаңалықтар

Қашықтан оқитын оқушылар арасында коронавирусқа шалдыққандар көбейіп жатыр – Алексей Цой

Сәуір 20, 2021
Дархан Өте, Білім-Инновация Халықаралық ҚҚ
Жаңалықтар

«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өтемен сұхбат

Сәуір 20, 2021
Қиғаш
Әлеумет

Қиғаш бойындағы шекара

Сәуір 20, 2021
Жамбыл, Тараз, Nur Otan
Жаңалықтар

Қырықбаева жамбылдықтардың проблемасын жіті қадағалайтын болды

Сәуір 20, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қашықтан оқитын оқушылар арасында коронавирусқа шалдыққандар көбейіп жатыр – Алексей Цой

Сәуір 20, 11:14

«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өтемен сұхбат

Сәуір 20, 11:07

Қиғаш бойындағы шекара

Сәуір 20, 11:00

Қырықбаева жамбылдықтардың проблемасын жіті қадағалайтын болды

Сәуір 20, 10:42

Санкция дегені көзбояу ма?

Сәуір 20, 10:30

Карантинде аудан тұрғындарын қиындықтан Иван Сауэр құтқарды

Сәуір 20, 10:18

Ахметжанов Шпекбаевты алмастырды

Сәуір 20, 10:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

мектеп, оқушы, Алексей Цой, коронавирус

Қашықтан оқитын оқушылар арасында коронавирусқа шалдыққандар көбейіп жатыр – Алексей Цой

Сәуір 20, 2021
Дархан Өте, Білім-Инновация Халықаралық ҚҚ

«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өтемен сұхбат

Сәуір 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»