Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Көне түркінің тарихын зерттеген ғалым

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тілтанымдық мектептер» іс-шарасы филолог-ғалым, түркітанушы Құлмат Өміралиевке арналып отыр.

"Айқын" ақпарат
Қараша 6, 2020
Жаңалықтар, Мәдениет
ғалым, түркі, тарих
69
қаралым

Құлмат Өміралиевтің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет  етіп, бар саналы ғұмырын қазақ тілі білімінің тың тақырыптарын зерттеуге арналған еңбектерімен бірегей ғалым болғандығын,  айрықша құрметке ие екендігін  отандық түркітанушылардың ғана емес, шетел түркітанушылардың да жоғары бағалаған мақалалары мен әріптестік лебіздерінен аңғаруға болады.

Ғалымды «түркітанушы» деуіміздің себебі тілтанушы ғалымдардың барлығы бара бермейтін көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеді. Көне түркі жазба ескерткіштері мен одан кейінгі дәуірлердегі XV-XIX ғғ. мәтіндерін түгендеуге, оларды тарихи, әдеби және тілдік тұрғыдан талдап, сүбелі ғылыми еңбектер жазуға арнайды.

Ғалымның әр дәуірдегі көне, ортағасыр жазба мұраларды зерттеуде өзіндік ғылыми принциптерді ұстанады. Шығарманың түпнұсқасын тану үшін, алдымен, нұсқалар арасындағы мәтіндік салыстыру жұмыстарын жасау қажеттілігін айтады. Және өз еңбектерінде осы бағыт бойынша зерттеу әдістерінің үлгісін көрсетеді. Ғалымның түсіндіруінше, «бізде белгілі бір ақын-жыраулар атымен аталып жүрген өлеңдердің қайсыбіреулері өзге бір жерлерде сол дәуірде жасаған екінші я үшінші бір кісінің атымен аталса, енді бірсыпырасы сол дәуірден екі я үш ғасыр ілгері туған әдеби нұсқаларда я бірер ғасыр кейін жасаған кісілердікі деп танылып жүрген мұралардың ішінде жүреді. …ешқандай зерттеуші-әдебиетші де, зерттеуші-тілші де осынау мұраларға текстологиялық барлау жасамайынша бұл салада тыңғылықты жұмысқа кірісуге мүмкіндігі есте болмайды».

Ғалым-зерттеу нысанына алған  көне түркі жазба ескерткіштері туралы ғылыми тұжырым  жасамастан бұрын мәтін мазмұнын өзге түркі  жазба мұраларындағы тарихи, тілдік деректермен салыстырады. Ғалымның осындай тыңғылықты ғылыми ізденісі «Оғуз қаған эпосының тілі» еңбегінде ерекше байқалады. Еңбекте Оғыз қаған эпосына негіз болған аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерді талдайды. Сондай деректердің бірі –   Рашид-аддинннің «Жамиғ-ат тауарихы» және Әбілғазының «Түркі шежіресімен» сәйкес келетін ортақ тұстары мен айырмашылықтарын салыстырып, тұжырымдап отырады. Осы арқылы көне жазбаның  бастапқы кездегі жанрлық, стильдік, композициялық табиғатын ажыратып көрсетеді. Эпостың графикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар эпостың баяндау техникасын өзге  эпостық шығармаларға тән тұрақты қалыптасқан сөз үлгілерімен текстологиялық салыстырулар арқылы дәлелдейді. Содан кейін «Оғыз қаған эпосының» көне мәтінін толық қалпына келтіріп, қазақ тіліне аударады. Еңбектің соңында түсіндірме сөздігі мен қосымшалардың тіркесімдер сөздігін де көрсетеді. Ғалымның жан-жақты, кең ауқымда талданған аталмыш еңбегі 2011 жылы фил.ғыл.докторы, профессор М. Мырзахметовтың ұйымдастыруымен «Қазыналы Оңтүстік» деген атаумен  «Нұрлы әлем» баспасынан қайта басылып шығады.

Зұлмат жылдардың тарихын зерттей алдық па?

Коронавирус ұйқыны бұзады – зерттеу

Алтын Орда тарихын таспалайтын кез келді

Ғалымның  «Көне мұраның түгендеушісі ғана болмайық, түстеп танушысы да болайық» деп,  жалпы түркітанушыларды жазба мұралардың мәтіндерін талдауда өте мұқият болуға шақырады. Яғни,  бұны мәтіндік салыстыру жұмыстарынан кейін,  шығарманың тарихи, прозалық, тілтанымдық тұрғыдан талдаулар жасайтынын еңбектерінен аңғарамыз.

Ғалымның түркітану ғылымының дамуына қосқан үлесі бұнымен ғана шектелмейді, тізімді жалғастыра беруге болады.  Қорыта айтқанда, ғалымның көне жазбаларға қатысты кешенді түрде сатылай-сабақтастыра жүргізген талдауларын оқи отырып, бүгінгі зерттеушілерге үлгі боларлық ерекше зерттеу әдістеріне куә боламыз.

Айнұр СЕЙІТБЕКОВА, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

 

 

 
Тегтер: ғалымтарихтүркі
Алдыңғы жаңалық

«Ауруханада орын жоқ»: Қазақстандықтар науқастар дәлізде жатқан видеоны талқылап жатыр

Келесі жаңалық

9 қарашадан бастап Қостанай облысында карантин күшейтіледі

Ұқсас жаңалықтар

Хабиб
Жаңалықтар

Хабиб Нұрмагомедов UFC-ге қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
Екібастұз
Жаңалықтар

Екібастұзда жол апатынан 3 адам ауыр халде ауруханаға түсті

Қаңтар 17, 2021
Жас өнертапқыш
Жаңалықтар

Жас өнертапқыш қала көшесін жарықтандырудың тиімді тәсілін тапты

Қаңтар 17, 2021
ауа райы
Жаңалықтар

Ауа райына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 17, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хабиб Нұрмагомедов UFC-ге қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 18, 00:22

Екібастұзда жол апатынан 3 адам ауыр халде ауруханаға түсті

Қаңтар 17, 23:41

Жас өнертапқыш қала көшесін жарықтандырудың тиімді тәсілін тапты

Қаңтар 17, 22:59

Ауа райына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 17, 22:30

«Барыс» өз алаңында ресейлік «Амурды» жеңді

Қаңтар 17, 21:40

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқу форматына қайта көшті

Қаңтар 17, 21:15

Дәрігер-диетолог кімдерге бал жеуге болмайтынын айтты

Қаңтар 17, 20:51
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Хабиб

Хабиб Нұрмагомедов UFC-ге қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
Екібастұз

Екібастұзда жол апатынан 3 адам ауыр халде ауруханаға түсті

Қаңтар 17, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»