Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

ҚХА мүшесі: Қазақстанның келешегі қазақ тілінде екенін түсінсек, соған қарап әрекет жасауымыз керек

Барыс Нұрлан
Қараша 12, 2020
Жаңалықтар, Nur Otan, Әлеумет
Қазақстан

© Сурет ғаламтордан

«Бүгін Қазақстан халық ассамблеясының отырысы өтті. Оның мақсатын тақырыбының өзі айтып тұр. Бір шаңырақ астында биік мақсатқа деп аталды. Биыл Қазақстан халықтары ассамблеясының 25 жылдығы. Сонау 1995 жылы құрылған. Ол кезде Кеңес Одағы ыдырады. Еуропаның бірқатар елдері бөлінді. Сол кездегі ең үлкен қиындық ұлтаралық қақтығыстар еді. Құдайға шүкір, осы одақ құрамынан тараған елдердің ішінде осындай ірі қақтығыс болмаған Қазақстанымыз ғана. Ешқашан болмасын да. Соны мақтан етеміз. Әрбір этностың өзіндік мәдениеті болады ғой. Осы мәдениеттердің қақтығысы туралы Сэмюель Хантингтон деген американдық жазушының кітабы шықты сол кездерде. Мәдениеттер арасындағы қақтығыстың өршіп тұрған заманы еді. Әртүрлі елдерде тамыр жайып, жағымсыз жағдайлар болған кезде дер кезінде құрылған ассамблеямыз киелі шаңырақ астында ұлтына, тіліне, дініне қарамастан азаматтық құру елбасының идеясы болатын. Соның арқасында еліміз сол кезеңнен аман өтіп қана қоймай биіктерді бағындыра бастады. Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе, әр мәдениеттің өзіндік айырмашылығы, ерекшелігі болады. Елбасының келешекті көре білу қабілетінің арқасында осы айырмашылықты күшке айналдырдық. Бұған дәлел ретінде қандай да бір халқаралық додадан біздің кез-келген отандасымыз жеңіске жететін болса, халқымыз соған бірауыздан қуанып отыр. Бұл тәуелсіздік жылдары жеткен ең үлкен жетістігіміз деп ойлаймын.

Ел болғаннан кейін әр түрлі қиын жағдайлар, табиғи құбылыстар болады. Соңғы бес жылға қарайтын болсақ, мынау қарағанды облысындағы су тасқыны, 2016 жылы Солтүстік Қазақстандағы соған ұқсас апаттар, одан кейінгі Арыстағы мәселе, Мақтаралдағы жағдай есімізде. Мұндай жағдайлар болмасын деп тілейміз. Ондай апаттарды ауданға бөлінбей еліміз бір атаның баласындай жұмылып, өз халқымызға көмек көрсеттік. Осындай қиын кездерде біздің ассамблея алғы шепте болып, алғашқылардың бірі болып көмек қолын созуға ұмтылды. Бұл біздің ұлтаралық келісімнің айқын көрінісі деуге болады.

Біздің отырысымзда, мысалы, спикерлеріміз Қазақстан азаматтары болғанымен басым бөлігі өзге этностың өкілдері болды. Ішінде әр түрлі саланың азаматтары, әр түрлі қызметтің мамандары бар. Байқағанымыз бәрі қазақша сөйлеп отыр. Елбасымыз айтты ғой «Қазақстан халқының үштен екісі меңгерді және сөйлеп отыр», – деп. ол әрине қуанарлық жағдай. Бірақ, бір ақиқатты түсіну керек. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы алдымыздағы жылда отыз жыл болғалы жатыр. Отыз жыл аз да, көп те емес. атқарылған қызмет орасан зор. Бірақ алда бізді одан да көп жұмыс жауапкершілік күтіп тұр. Қазақстанның келешегі қазақ тілінде екенін түсінсек, соған қарап әрекет жасауымыз керек. Ең бастысы барша отандастарымыз біздің спикерлеріміз сияқты ұлтына қарамай мемлекеттік тілге деген оң көзқарасты дамытуға атсалысса деген тілегіміз бар.

Түркінің төрі – Түркістан

Елбасы Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айтты

Елбасы коронавирусқа қарсы күресудің тиімді жолын айтты

Әр елдің болашағы оның адами капиталында. Сол үшін адами капиталға бет бұрып, инвестиция құйып жатыр. Біздің спикерлеріміз сияқты тамаша адамдарды көрген кезде көңіліміз жай тауып, қуанамыз. Менің армандап, аңсаған Қазақстаным бәсекеге қабілетті отыз елдің ішінде емес, алдында болатын потенциалы бар. Елімізде көшті алға сүйреуге қауқарлы мықты азаматтар жетерлік. Сол азаматтар еліміздің дамуына үлес қосып, күш салса алмайтын асуымыз болмайды деп сенем. Барлық отандастарымның жеке табысқа жетіп, бақытты өмір сүруін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болуын тілеймін!»

Аскер Пириев,

Нұр-Сұлтан қаласы түрік этно-мәдени орталығының төрағасы, ҚХА мүшесі

 
ID: 0
Тегтер: Ассамблея ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуӘскер ПириевЕлбасыҚХА
Алдыңғы жаңалық

Ақтөбеде карантин жеңілдеуі мүмкін

Келесі жаңалық

Алимент төлемеген борышкер 2 бөлмелі пәтері мен көлігін берсе де, қарызынан құтылмады

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе
Nur Otan

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 21, 2021
қызыл аймақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, коронавирус
Жаңалықтар

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал күннен күнге нашарлап бара жатыр

Сәуір 21, 2021
шопан
Әлеумет

Шопанға да мұқтажбыз

Сәуір 21, 2021
шетелдік жұмысшы, Қазақстан, Қытай, Түркия
Жаңалықтар

Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Сәуір 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 21, 10:30

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал күннен күнге нашарлап бара жатыр

Сәуір 21, 10:24

Шопанға да мұқтажбыз

Сәуір 21, 10:00

Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Сәуір 21, 09:59

Ashyq-қа «қызыл мәртебесі» бар адамдар тұтылды

Сәуір 21, 09:40

COVID-19: бір күнде 26 адам қайтыс болды

Сәуір 21, 09:33

Аңның ағзасы адамға ем бе?

Сәуір 21, 09:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтөбе

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 21, 2021
қызыл аймақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, коронавирус

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал күннен күнге нашарлап бара жатыр

Сәуір 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»