Алимент төлемеген борышкер 2 бөлмелі пәтері мен көлігін берсе де, қарызынан құтылмады
Алимент төлемеген борышкер 2 бөлмелі пәтері мен көлігін берсе де, қарызынан құтылмады
132
оқылды

Әділет министрлігінің мәліметінше, 2017 жылдан бері борышкердің үш баласына жалпы сомасы 21 601 205 теңге алимент берешегі болған.

Алматы облысы Қапшағай қаласының жеке сот орындаушысы оның осы қарызы үшін Алматы қаласында 2 бөлмелі пәтері мен көлігін тәркіледі.

Борышкердің ай сайынғы табысы 1,2 млн теңге болған.

Сондықтан борышкердің атына тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталып, оларға тыйым салынып бағалау жүргізілген.

«Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, балаларын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілді. Алайда ол сот шешімін орындаудан бас тартты. Борышкердің жалпы құны 16 824 112 теңге болатын тіркемесі бар Toyota Camry маркалы автомашинасы (құны – 3 190 290 теңге) және 2 бөлмелі пәтері (құны –13 633 822 теңге) өндіріп алушыға заттай берілді. Қазіргі уақытта алимент берешегі 4 777 093 теңге» делінген ресми хабарламада.