Жыр жаттап, миллионер атанды
Жыр жаттап, миллионер атанды
215
оқылды

Шымкентте Qazaq Epos республикалық жобасы аясында өткен «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпазы белгілі болды.

Байқауға 116 мектептен мыңнан аса оқушы мен 600-ден аса мұғалім қатысып, оның 12-сі ақтық кезеңге жолдама алды. Қатысушылар 132 бет — 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып жарысты. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап берді. Байқау жеңімпазы 1-орын алған Салтанат Мақсұт 1 млн теңге иеленді. Жетекшісі Айгүл Әбдіматоваға 2 млн теңге табысталды.