Коронавирусқа шалдыққан президент ауруханаға жатқызылды
Коронавирусқа шалдыққан президент ауруханаға жатқызылды
148
оқылды

Украина президенті Владимир Зеленский мен оның Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак «Феофания» ауруханасында емделіп жатыр, ­– деп жазады «Украинская правда» басылымы.

Бұл туралы Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк басылымға берген сұхбатында айтқан. Ем қабылдап жатқан президент жұмысын жалғастыра береді.

Айта кетейік, коронавирусқа шалдыққан Украина президенті Владимир Зеленскийге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.