Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

"Nur Otan" партиясының астана мәслихатына тізімі жасалды

Рая Мінап Рая Мінап
Қараша 12, 2020
44
қаралым

Елордада «Nur Otan» қалалық филиалының конференциясында мәслихатқа партиялық тізім қалыптастырылып, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды. Сондай-ақ, қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның XX съезіне қатысу үшін делегаттар сайланды, деп хабарлайды «Nur Otan» Орталық аппаратының баспасөз қызметі.

Сонымен, ең жоғары рейтингке ие праймеризге қатысушылар қатарынан және филиал квотасын ескере отырып, қала мәслихатына 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша 62 кандидаттан тұратын партиялық тізім қалыптастырылды.

Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 20-дан  30% ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 0-ден 22,5%-ға дейін өсті. Үміткерлердің орташа жасы 9 жасқа – 52 жастан 43 жасқа дейін жасарды. Қызметтегі 25 депутаттың 5-і ғана жаңа партиялық тізімге енді. Жалпы, мәслихаттағы елордалық «Nur Otan» партиясының тізімі 90 пайызға жаңартылды.

Тізімде ШОБ өкілдерінің үлесі басым – 32,2%, білім беру саласы – 20,9%, денсаулық сақтау саласы – 11,4% және т.б. бар. Партиялық толық тізімді primaries.kz. сайтынан көре аласыздар.

Конференция барысында мәжіліске партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Бірінші раундта қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі тезистерін таныстырды, екінші раундта «сұрақ-жауап» түріндегі пікірталас сессиясы өтті.

10 үміткердің ішінен партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы қалалық өкілдік квотасына сәйкес 5 кандидатты таңдады.

Балалар ауруханасының меңгерушісі Лариса Павловец, «Атамекен» ҰКП өкілі Алмаз Жүнісов, «Халықаралық жаһандық әйелдер көшбасшылығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Балтаева Ханзада, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Расул Медетов және бизнес өкілі Бауыржан Исабаев ең көп дауыс жинады.

Филиал төрағасы Алтай Көлгінов атап өткендей, қаланың сайлауалды бағдарламасы азаматтарға жайлы тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған нақты мақсатты индикаторларға негізделген.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – тұрғындар мен билік арасындағы тұрақты диалог. Біздің міндетіміз – азаматтардың мәселелерін естіп және көріп қана қоймай, ең бастысы оларға дұрыс және жедел жауап беру. Сондықтан қалалық сайлауалды бағдарлама праймериз кезінде тұрғындардан түскен ұсыныстарды ескере отырып, пысықталды», – деді Алтай Көлгінов.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалдардың конференция кестесін жариялаған болатын, оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және әр өңірден мәжіліске партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады.

Кеше Шымкент және Алматы қалаларында конференция өтті. Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында 16 қарашада өтеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 17 қарашада өтеді.

Қалалық және аймақтық конференцияларда кандидаттар арасындағы пікірсайыс праймериздің екінші деңгейі аясында өткізіледі.

Партияішілік іріктеудің бірінші кезеңіне 10 мың кандидат қатысты. Оның 37%-ы – әйелдер, 29%-ы — 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 30%-ы ұсынылса, 70%-ы — өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлердің орташа жасы – 43 жас. Бұл ретте дауыс беруге 662 мыңнан астам партиялық қатысты.

 

 

Тегтер: Nur Otanпартиятізім
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Демалыс күндері елімізде 2 градус үсік жүреді

Құлсарының экс-әкімінің есірткі тасып жүрген видеосы тарады: полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық конференция өтті

Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

«AMANAT» партиясының мүшелері: Қазақстан жастары еліміздің басты қозғаушы саяси күшіне айналуда

«Жеңісті күндерде жүздескенше» – Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді

Экология министрі Президентке жаңа Су кодексі туралы айтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»