Атырауда жезөкшелікпен айналысқандарға 9723 теңгеден айыппұл салынды
Атырауда жезөкшелікпен айналысқандарға 9723 теңгеден айыппұл салынды
167
оқылды

Адам саудасымен, адамдарды заңсыз бас бостандығынан айырумен, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеумен байланысты қылмыстарды анықтау мақсатында Атырауда 10-14 қараша аралығында республикалық «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев хабарлады. Жедел шара барысында облыс орталығында сексуалдық сипатта қызмет көрсету мақсатында адамдарға тиісіп тұрғандар анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 449 бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 9723 теңгеден айыппұл салынды. Тексеру кезінде, олардың екеуі Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің азаматшалары, бірі Шымкент қаласынан келген 25 жасар бойжеткен болып шықты. Жезөкше 10 қараша күні сағат 22:30 шамасында Атырау қаласындағы сауналардың бірінде келген тұтынушыларға ақылы қызмет көрсететін жезөкшелікпен айналысатын қыздарды шақыртқандары анықталды. Карантиндік режимді сақтамаған саунаға қатысты жинақталған іс құжаттар Атырау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Жедел шараның екі күнінде жезөкшелікпен айналысқан 18 «көбелекке» қатысты «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Жедел уәкілдер, ғаламтор желісінде орналасқан сайттардың бірі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, аталған сайтта сексуалдық сипатта қызмет көрсетуге анкеталық жарнама бергендердің онын анықтап, олардың жалдамалы пәтерлері туралы Салық органдарына хабарланды.