Қалыңдық тойдан кейін 15 минуттан соң қайтыс болды
Қалыңдық тойдан кейін 15 минуттан соң қайтыс болды
141
оқылды

Миында қатерлі ісігі бар әйел тұрмысқа шығып, тойдан кейін қайтыс болды. Күйеуі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп жазады Metro.

2018 жылдың жазында 41 жастағы даттық Лу Тулин Симонсен және оның Лондоннан келген 49 жастағы сүйіктісі Шафф Прабатани қарым-қатынастарына 10 жыл толуын атап өткен. Сол кезде әйел басының ауырғанын айтып шағымдана берген. Оның көзінің көруі нашарлап, дәрігерге қаралды. Алайда оған мамандар ештеңе түсіндіре алмады. Қазанда Симонсен өзін нашар сезініп, ештеңе көре алмайтын халге жетті. Әйел тағы да терапевтке қаралып, оған компьютерлік томография жасалды. Сол кезде оның басында қатерлі ісік бары анықталды. Дәрігерлер оның 1-2 жылдық өмірі қалғанын айтты. Симонсен 30 сәулелі терапия сеансынан өтті, алайда оған ем қонбады. Сол кезде сүйіктісі оның тілегін орындап, 2019 жылғы қаңтарда оған үйленуге ұсыныс жасады.

12 тамызда Симонсен және Прабатани ерлі-зайыпты болды. Тойдан кейін әйел 15 минуттан соң қайтыс болды.