Нұр-Сұлтанда жаңа жылдық іс-шаралардың өту-өтпеуі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.
Қалада жаппай мерекелік шаралар шектеулермен өтуі немесе мүлде өтпеуі мүмкін.Еске сала кетейік, бұған дейін COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші көбеюіне байланысты қала «сары» аймаққа өткенін жазған болатынбыз."Жаңа жылдық шараларды өткізу мен олардың форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Қазір көптеген шара онлайн, санитарлық нормаларды қатаң сақтау арқылы өтіп жатыр. Бәрі алдағы уақытта белгілі болады",- деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.