Қазір қандай кітапқа сұраныс жоғары? Соның ішінде қазақстандық кітаптардың қайсысы өтімді? Осы сұрақтың жауабы бәріне қызық-ау.
Әрине, соңғы кезде оқырманның сұранысы өзгерген. Оларды бұрынғыдай ақын-жазушылардың өлеңі не көркем дүниесі қызықтырмайтын секілді. Есесіне, психологиялық шығармалар – трендте. Оның басым көпшілігі әлеуметтік желі арқылы кітабын насихаттап, таралымын арттырып жатқан блогерлер. Ал Instagram желісінде психолог-тренерлердің кітабы өтімді болып тұр. Алайда биылғы жылдың кітап дүкендеріндегі ең үздік қазақстандық кітаптарды анықтауға тырыстық.[caption id="attachment_87008" align="aligncenter" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Меломан» сауда желісінің менеджері Гүлмира Карпованың айтуынша, ең бірінші психологиялық және кәсіптік кітаптар сұраныста. Әсіресе, Дейли Карнеги мен Луиза Хейдің қазақ тіліне аударылған кітаптары өтуде. Одан кейін әлемдік әдебиет, әсіресе, классиканы оқитындар көбейген. Төртінші, орында – балалар әдебиеті тұр. [caption id="attachment_87009" align="aligncenter" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Кітап бойынша тізімді бастап тұрған – Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы мен «Абайдың қара сөздері». [caption id="attachment_87013" align="aligncenter" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Биыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Ұлы тұлғамыздың шығармалары үлкен сұраныста. Соған орай, өзіміздің Meloman Publishing баспамыздан бұл кітаптарды орыс және қазақ тілдерінде қайта басып шығардық, – дейді Гүлмира Карпова. [caption id="attachment_87015" align="aligncenter" > Волоколамск тас жолы[/caption] Екінші орында – Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабы. Бұл көркем қиялдан жасалатын үйреншікті әдеби туынды емес, панфиловшылардың аты-жөндері толық сақталып, олар қатысқан ұрыстар сол қалпында суреттелетін әскери-документті шығарма. Онда кітап үшін тек Александр Бек жауап беріп қоймайды, сонымен бірге кітаптың шындығы үшін панфиловшылардың аруағы алдында, тарих алдында және замандастар алдында Бауыржан Момышұлы қоса жауап береді. Сондықтан повестің басты кейіпкері – әйгілі Панфилов дивизиясы батальонының командирі Бауыржан Момышұлы. [caption id="attachment_87018" align="aligncenter" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Үшінші орында Қуаныш Шомбайдың – «Екінші болма!» кітабы. Мұнда автор мысал келтіре отырып, тұлғаны және бизнесті дамыту жолы көрсетіп, екі жарым жылда «Rumi Group» мейрамханалар желісі ең дәмді, танымал және беделді брендке айналдырғаны жазылған. [caption id="attachment_87019" align="aligncenter" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Astana kitap кітап дүкеннің әкімгері Жадыра Ілиясованың айтуынша, оларда да үздік кітаптардың алдын бастап тұрған – «Абай жолы» және екі томдық Абай Құнанбаевтың шығармалар жинағы мен қара сөздері. [caption id="attachment_87021" align="aligncenter" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Төртінші орында – Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағы. Ал Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бестікте тұр. Бұл халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған. «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған. Сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.