Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алматылық оқушы Нұрбақыт Ғалымжанның хатына жауап берді.
Министр Фейсбуктағы парақшасында: «Нұрбақыт, сенің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатыңды оқыдым. Мемлекет басшысы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын ұсынды және бізге – мемлекеттік қызметшілерге өзекті сұрақтарға дер кезінде жауап беруді тапсырды. Сенің пікіріңді бағалаймын, бірақ менің мойныма еліміздің барлық оқушылары үшін жауапкершілік артылған. Білім министрлігінің жұмысы сенің және достарыңның білімді азамат болып өсуіне, Қазақстанның дамуына үлес қосуға бағытталған», — деп жазды.
Сондай-ақ министр мектептегі барлық пәннің маңызды екенін атап өткен. «Бір пәнді оқу үшін екінші пәнді білу қажет. «Жаратылыстану» — өте қызықты пән, ол сені қоршаған ортамен таныстырады. Ал «Өлкетану» өзің туып-өскен аймақтың тарихын баяндайды. Сәл тырыссаң, оқу жылының соңына дейін осы пәндерден жақсы нәтиже көрсетеріңе сенімдімін. Каникулға келсек, сен оқитын мектеп бағдарламасы каникул күндері жеткілікті болатындай, келесі тоқсанға дейін демала алатындай етіп құрылған», — деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрбақыт Ғалымжан Президентке хат жазған еді.