Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловқа қатысты тергеудің тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов онлайн-конференция кезінде айтты.
Оның айтуынша, қор қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы сараптама жүргізіліп жатыр. Алайда оны тексеру деп атауға болмайды.Еске сала кетейік, бұған дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» бұрынғы басшысы қор қаражатын ұрлады деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз."Бұл тексеру емес, бұл бизнес-процестерді талдау. Қылмыстық-құқықтық аспектіде қордың бұрынғы директорына қатысты мәселе жоқ. Талдау қорытындысы бойынша қордың жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ұсыныстар әзірленеді", - деді Олжас Бектенов.