Ұшқыш 115 жолаушыны құтқарды
Ұшқыш 115 жолаушыны құтқарды
110
оқылды
Атырау – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Өйткені SСAT әуе компаниясының ұшағы биікке көтерілген уақытта  құстарға соғылған. Жолаушылар түсірген видеодан бортта  дүрбелең болғанын көруге болады. Бірақ ұшқыш Иван Карпович экипажға команда беріп, қауіпсіз жерге (ұшу портына) қондырды. Осылайша, 115 жолаушының аман қалуына жағдай жасады.
- SCAT әуе кемесінің командирі Иван Карповичті марапаттауға ұсынуды жоспарлап отыр, - деді SCAT авиакомпаниясы АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилова.
Иван Карпович 41 жаста. Ол Ақтөбеде дүниеге келген, үйленген, екі баласы бар. 1996 жылдан 2000 жылға дейін Ақтөбе авиациялық училищесінде оқыды.