Трамплиннен секіру бойынша Саппорода өтетін әлем чемпионатының 4 жарысы кейінге қалдырылды. Бұл туралы Саппороның шаңғы қауымдастығы хабарлады.
Дзюдодан Grand Slam турнирі өткенде спортсүйер қауым қуанған-ды. Әсіресе, алда қысқы спорт түрлерінен бірнеше жарыс күтіп тұрған. Алайда Халықаралық шаңғы федерациясы 9 және 10 қаңтар күндері әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты кубогінің қос сайысын, одан кейін 6 және 7 ақпанға жоспарланған ерлер арасындағы бәсекені кейінге шегерді. Себеп – пандемия.Айбике ЖАНАСЫЛ