Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Сыра жарнамасына тыйым бар

«Айқын» ақпарат
Қараша 13, 2020
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
сыра
65
қаралым

Елге келіп жатқан қауіпті өнімдер легін тоқтату керек. Мәжіліс спикері Нұр­лан Нығ­матулин­нің төрағалығымен өткен палатаның жалпы оты­ры­сында депутаттар «Тех­никалық реттеу» туралы және оған ілеспе заң жо­баларын бірінші оқылымда ма­құл­дады. Мәжіліс төрағасының бай­ламынша, ол қазақстандық нарықты сапасыз тауар­лардан қорғауға ба­ғытталған.

– Ең бастысы, өнім қауіпсіз болуы керек. Басқа мә­се­лелерді, мысалы өнім­ді таңбалауды кәсіп­кер­лердің өзі шешуге мүмкіндігі бар. Ол үшін тауарды қай­­тару­ға немесе өткізбеуге жол бермеу керек. Се­­бебі бұл кәсіпкерлерге үлкен шығын кел­тіреді, – де­ді Нұрлан Нығматулин.

Заңнамалық жаңашылдықтардың бі­ріне сәйкес, мемлекеттік бақылау қа­зір­гідей тек өнімді сату са­ты­сымен шек­тел­мейді, енді өнімге ел аумағына ен­­гі­зілуі кезінде бақылау жасалмақ.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, өнімді әкелу кезін­дегі мемба­қы­лаудың енгізілуіне және осы про­цестің цифр­ландырылуына байла­ныс­ты Техникалық реттеу комитеті ба­қы­лаушыларының тікелей шекара-ке­ден­де отыруының қажеттілігі болмай­тын көрінеді.

Алдымызда ауқымды міндеттер тұр – Қанат Нұров

Ерлан Саиров: Қоғам игілігі үшін жұмыс істейміз

«НеМолчи KZ» қоры үндеу жолдады

«Яғни, қосымша ресурстар қажет етіл­­мейді. Бұл да оңды жайт. Мұны тұты­ну­шыларымызды және ішкі нарықты қауіпті өнімдерден қорғауға бағыт­талған жақ­сы қадам деп санаймын», – деді ол.

Талқылау барысында Мәжіліс депу­тат­тары ІІ оқы­лымға дейін пысықтауды талап ететін бірқатар мә­селеге Үкімет мү­шелерінің назарын аудартты. Бұл өнімді тәркілеу шараларына қатысты: он­дай қауіп­ті заттарды жою, қайта өңдеу немесе шетелге кері апару шараларының шы­ғысын кім көтереді? Бұған қоса, депу­таттар заң жобасында техникалық рет­теу­дің ұлттық тізілімінің Еуразиялық одақ­тың деректер базасымен байланысы жо­ғын да атап өтті.

Сонымен қатар жалпы отырыста ақ­парат мәсе­лелеріне қатысты заң жобасы ма­құлданды. Құжат те­лерадио хабар­ла­рын тарату, ақпаратқа қол жет­кізу сала­сындағы заңнаманы жетілдіруді, сондай-ақ отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілет­тілігін да­мытуды көздейді. Заң жобасы­ның басты бір жаңа­лығы сол, Қазақстанда отандық сыра мен шарапты ақ­парат құрал­дары арқылы жарнамалауға рұқсат еті­леді. Яғни, осыған 2004 жылдан бері қойы­лып кел­ген тыйым жойылады.

Мәжіліс депутаттары мемлекеттік ақ­параттық тап­сырыстың, әсіресе жер­гілікті деңгейде орындалу са­пасын арт­тырудың маңызына екпін түсірді. Олар­дың айтуынша, мемтапсырыс кезінде мем­лекеттік бағдарламалар және оларды жүзеге асыру барысы туралы халықты ақ­параттандыру – басым­дық болуы тиіс. Әйтпесе, «өңір әкімі мемтапсырысты өзі­нің жеке пиарының құралына айнал­ды­рып алды».

Құжатта ақпаратқа қол жеткізу сала­сындағы уә­кілетті органды айқындау жә­не оның құзыретін бе­кіту, сондай-ақ мем­ле­кеттік функцияларды орын­дау­шы­ларды – кәсіпкерлік субъектілерін, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйым­дарды ақ­парат иеленушілерге жатқызу ұсынылады.

Айхан ШӘРІП

 
Тегтер: заң жобасықауіпті өнімдерМәжілісНұрлан Нығматулинсыра
Алдыңғы жаңалық

Зейнетақы жинағын жұмсауға жол ашылды

Келесі жаңалық

Аймақтық сайлауалды штаб басшылары тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

хирург
Жаңалықтар

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 2021
Николай Чеботько
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 2021
Тұраров
Жаңалықтар

Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

Қаңтар 24, 2021
дауыл
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 23:51

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 23:29

Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

Қаңтар 24, 22:47

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 24, 22:04

Қоршаған ортаны тазарту технологиясын жасағандарға 100 миллион доллар беріледі

Қаңтар 24, 21:41

Бірнеше өңірде тасжолдар ашылды

Қаңтар 24, 21:12

ШҚО-да қар құрсауында қалған көліктерден 8 адам құтқарылды

Қаңтар 24, 20:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

хирург

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 2021
Николай Чеботько

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»