Аймақтық сайлауалды штаб басшылары тағайындалды

Аймақтық сайлауалды штаб басшылары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым­кент қалаларындағы «Nur Otan» партиясының ай­мақ­­тық сайлауалды штаб­та­ры­ның басшылары тағайын­дал­­ды. Бұл туралы пар­тия­ның тиісті филиалдарының кон­­ференцияларында ай­тыл­ды.

Нұр-Сұлтан қаласында пар­тия­­­ның сайлауалды штабын «Nur Otan» партиясы қалалық фи­­лиалы төрағасының бірінші орын­­басары Ерлан Қаналимов бас­қарады. 2019 жылғы Президент сайлауында ол елордалық штабты басқарды. Алматыдағы сайлауалды штаб­­­­тың жетекшісі болып белгілі қо­­ғам қайраткері, «Тұран» уни­вер­ситетінің ректоры Рахман Ал­­шанов тағайындалды. Оның элек­­торалды кезеңде атқарған жұ­­мыс тәжірибесі бар. Ол 2011, 2015, 2019 жылдардағы Президент, сон­­дай-ақ 2012 және 2016 жыл­дар­дағы Мәжіліс пен мәслихат сай­лауларында өңірлік штабты бас­қарды. Шымкентте жетекші партия­ның сайлауалды штабын қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов басқарады. Бұған дейін ол 2019 жылы Президент сайлауында қа­ла­лық штабқа жетекшілік еткен. Қалған 14 өңірдегі облыстық сай­­лауалды штабтарды кім бас­қа­ра­­тыны алдағы аптада белгілі бо­лады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы өңір­лік филиалдардың конференция кестесін жариялаған болатын, оның барысында барлық дең­гей­дегі мәслихаттарға партиялық ті­зім­дер және әр өңірден Мәжі­ліс­­ке кандидаттар анықталады. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтан, Ал­­­ма­ты және Шымкент қала­ла­ры­­ның конференциялары өтті. Ал­маты, Қарағанды және Қызыл­орда облыстарында 16 қарашада, Ақ­мола, Шығыс Қазақстан, Жам­был, Батыс Қазақстан, Түркістан, Аты­рау, Қостанай, Маңғыстау, Пав­лодар және Солтүстік Қазақ­с­тан облыстарында 17 қарашада кон­­ференция өткізу жоспар­лан­ған.

 А.ЖАСАНҰЛЫ