Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Басты жаңалықтар

Елордада 10 мыңнан аса ерекше білімді қажет ететін бала оқиды

«Айқын» ақпарат
Қараша 13, 2020
Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан
Елорда

Елордада ерекше білімді қа­жет ететін балалар үшін 15 арнайы білім беру ұйымы  жұ­мыс істейді. Ұйымдарда 10 мыңнан астам бала тір­келген.

Ең алдымен, психологиялық-ме­дициналық-педагогикалық кон­­­­­сультацияның (ПМПК) қо­рытындысы арнаулы ұйымдарға қа­былдауға мүмкіндік береді. Қа­былдау алдын ала жазылу арқы­лы ата-аналар үшін ыңғайлы фор­мат­та, яғни тікелей жүгінген кез­де, теле­­фон арқылы, сонымен қа­­тар биыл тамыздан бастап egov. kz элек­­­тронды үкімет порталы ар­қылы жүзеге асырылады.

«Бүгінгі таңда психологиялық-меди­циналық-педагогикалық кон­сультациялар штаттық режимде жұ­мыс істейді, сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша он­лайн-тексеру жүргізу де мүмкін. Даму ерекшеліктеріне байланысты эмо­ционалды-еріктік саласы мен мі­нез-құлқы, сондай-ақ есту және көру қабілеті бұзылған балалар штат­тық режимде қабылданады» деп атап өтті Білім басқармасы өкіл­дері.

Қашықтан жұмыс істеу фор­маты кезеңінде 1 767 бала онлайн тексеруден өтті, оның нәтижелері бойынша әрбір баланың жеке білім беру маршруты әзірленді.

Қызылордада 217 бала ұсталып, 22-сі бейімдеу орталығына жеткізілді

Covid-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін бала көтеруге бола ма?

«Ана» дегеннен басқа сөз айтпайды» – баланы аялдамаға тастап кеткен

Психологиялық-педа­гогика­лық түзету кабинеттері (ППТК) мен оңалту орталықтарына келе­тін болсақ, бұл ұйымдар да­муын­да ауыт­қуы бар балалар мен жас­өс­пірімдерді оңалту және әлеу­меттік бейім­деу үшін кешенді қол­дау көрсетеді.

Қазіргі уақытта 1 413 бала пси­хологиялық-педагогикалық көмек алуда. Қашықтан оқытуға көшуге байланысты балаларды түзету-дамыту қызметімен қамту 10% арт­­қаны байқалады. Сонымен бір­­­ге, визуалды және эмоционалды байланыстың болмауынан, аутизм секторы бұзылған балалар мен көру қабілеті бұзылған балалар үшін қашықтықтан оқыту қиындықтар туғызды. Сондықтан олар штаттық режимге ауыстырылып, жеке сабақ кестесі жасалды. Ата-аналарға ке­ңес беру онлайн-режимде өтуде», – дейді басқарма өкілдері.

Осындай мекемелердің бірі – «№1 психологиялық-педа­го­ги­калық түзету кабинеті» КММ. Мұн­­­да балалар үш айдан бір жыл­­­­­­­­­ға дейін жатады. Арнайы ко­мис­сиядан өткеннен кейін балалар арнайы мамандарға жіберіледі.

«Әр балаға карточка ашылған, онда барлық көрсеткіштер жа­зы­лады. Тез жақсарып кететін ба­лалар бар, бірақ дені көп уақытты қажет етеді. Біздің қызметкерлер арнайы әдістемелерді қолданады», – деді дефектолог мұғалім, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 психологиялық-педагогикалық тү­зету кабинеті» КММ басшысы Ба­қыт Амрина.

Басқарма мәліметінше, биыл арнайы білім беру ұйымдарының желісі ұлғайған. Шілдеде №5 «Асыл Мирас» психологиялық-педа­гоги­калық түзету кабинеті ашыл­ды, он­да халықаралық сер­тификаты бар мамандар жұмыс істейді. Жаңа 2 мектептің (№8, 89) базасында әрқайсысы 30 орын­дық инклюзияны қолдау ка­бинеттері ашылды. №3 пси­хологиялық-медициналық-пе­­­­да­­­­­гогикалық консультация және № 2 психологиялық-педа­го­­гикалық түзету кабинеттері үшін Шыңғыс Айтматов көшесі 41/А мекенжайынан кең ғимарат қа­растырылған. Бұл өз кезегінде ба­лаларды қамтуды 50% арттыруға мүмкіндік берді. «Қазіргі уақытта қалада зерде бұзылыстары бар (ин­теллект) балаларға арналған арнайы мектептер жұмыс істейді, онда 876 оқушы қамтылған. Соны­мен қатар, сыныптардағы оқу­шының саны 12-ден аспайды», – дей­ді мамандар.

Сонымен қатар биыл №3 ар­найы мектеп-интернат ашылды, ал №1 мектеп-интернат базасында үйде оқитын балаларды түзету үшін ресурстық орталық жұмыс істей бастады. Орталықта бала­лар түзету-дамыту және жеке са­бақтарға, емдеу-сауықтыру ша­раларына (бассейн, ЕДШ, массаж, физиотерапия) қатысады.

Серік ӘЛІМЖАНОВ,
Нұр-Сұлтан

 
ID: 0
Тегтер: балабілім беру ұйымыЕлордаерекше білім
Алдыңғы жаңалық

Автобус жолаушыны қағып кетті

Келесі жаңалық

Оққағар қанша тұрады?

Ұқсас жаңалықтар

ауыл
Әлеумет

Ауылға бөлінген 800 млрд қайда жұмсалады?

Сәуір 23, 2021
бай мен кедей
Әлеумет

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
бетперде, баға, қымбатшылық
Жаңалықтар

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 2021
Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды
Жаңалықтар

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауылға бөлінген 800 млрд қайда жұмсалады?

Сәуір 23, 08:30

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 08:00

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 07:56

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 07:34

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Сәуір 23, 07:03

Бітімгерлік миссиялары: бейбітшілік – басты құндылық

Сәуір 23, 07:00

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 23, 06:59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ауыл

Ауылға бөлінген 800 млрд қайда жұмсалады?

Сәуір 23, 2021
бай мен кедей

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»