Алматыда Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш қойылды
Алматыда Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш қойылды
5,162
оқылды

Алматыдағы Республика сарайының солтүстік жағындағы паркте халық әртісі, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовқа арнап ескерткіш қойылды. 

Шәмші Қалдаяқов - «қазақ вальсінің королі» атанған көрнекті композитор, Қазақстанның халық артисі атағының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның заманауи эстрадасының негізін қалаушылардың бірі. 

«Мүсін үшін конкурс ұйымдастырылып, сол 50 жобаның ішінен біздің нұсқа таңдап алынды. Ол бойынша композитор скамейкада отырады. Келген адамдар онымен бірге отыра алады. Мұндай ескерткішпен суретке түсуге де ыңғайлы» дейді авторлық ұжымның мүшесі Айдос Бүркітбаев.