Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Бозжыраның тағдыры белгісіз

«Айқын» ақпарат
Қараша 13, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Бозжыраның тағдыры белгісіз

Бозжыра шатқалында сафари-қонақүй салу жобасы басталмай жатып дауға қалғаны мәлім. Экологтер мен қоғам белсенділері құрылыс жұмыстары қоршаған ортаға орны толмас зиян тигізуі мүмкін деп қауіптенеді. Жергілікті тұрғындар да табиғи нысанды ажарынан айыруға наразылық білдіріп жатыр. Ал қарсы тараптың айтуынша, инфрақұрылым дамыса, Маңғыстауға алыс-жақыннан саяхатшылар ағылып, туризм саласы түлейді-міс.

Мәселен, Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев Боз­жыра шатқалында туризм да­муынан зор нәтиже күтеді. Осы орайда, топ-менеджер Испа­ния­ның Бильбао қаласын мысалға кел­тіреді.

– Бильбао бір ғана ғимараттың арқасында гүлденіп, эконо­микалық және әлеуметтік тоқы­раудан аман шықты. Қаланы да­мыту үшін жергілікті билік за­манауи сәулет өнеріне сай ірі жобаны қолға алды. Көпшілік жобаның тиімділігіне сенбеді, соншама ақшаны желге шаш­қандай қабылдады. Бірақ экзо­тикалық пішіндегі ультразаманауи мұражай ғимараты әлемге әйгілі болды. Бүгінгі Бильбао – сәулет туризмінің орталығы, – дейді Ер­кінбаев.

Kazakh Tourism басшысы Биль­баода мұражай ашылған соң үш жылдан кейін қала қазынасына туризм есебінен жылына 400 млн доллардан астам қаржы түсе бас­тады деген уәжді алға тартады. Сонда дейміз-ау, Испанияның қақ жүрегіндегі Бильбао мен облыс орталығы Ақтаудан 300 шақырым шалғайда жатқан Бозжыраны салыстырғаны қаншалықты орынды? Бильбаоның 700 жылдық тарихы бар. Ғасырлар бойы ин­фрақұрылымы жетілген. Нервьон өзенінің сағасында, мұхит ай­лағынан таяқ тастам жерде ор­наласқан, ірі портқа айналған, қаржы және сауда орталығы са­налатын атақты шаһардың жөні бөлек. Аумағы алақандай, халқы бақуатты, жан саны 47 млн-нан асатын елдегі экономикалық ға­жайыптың қиян түбектегі Боз­­жырада қайта­ланатынына Ержан мырзаның өзі сене ме екен?

192 жоба мақұлданды

Туризмге тың серпін бермек

Экологтер дабыл қақты: Ақмолада 103 оқиға тіркелді

Бозжыра

Жақында Қазақстан биоал­уантүрлілікті сақтау қауым­дас­тығы шатқалда құрылыс жүргізуге тыйым салуға негіз болатын алты себепті атады.

Біріншіден, биоалуан­түрлілікке қатер төнеді. Бозжыра шатқалының төңірегінде Үстірт арқары, қара­құйрық, қарақұлақ сияқты сирек кездесетін аңдар бар. Мысалы, Қызыл кітапқа енген арқар мен қарақұйрық негізінен осы өлкені тұрақты мекендеп, емін-еркін жайылады. Техникасы гүрілдеп, көлігі дү­рілдеп адамдар көбейсе, бұл жануарлардың попу­ляциясы бірден кеміп кетеді.

Екіншіден, Бозжыра ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра­лар тізіміне енуі ықтимал. Енуге қойылатын ең басты шарт – нысанның тұтастығы мен сұлу­лығы. Құрылыс жұмыстары оған кесірін тигізетіні анық.

Үшіншіден, қонақүй құры­лысы Үстірт қорығын кеңейту жоспарына бөгет жасайды. Ма­мандар 2015 жы­лы Бозжыраны қорыққа қосуды ұсын­­­­ған. Ғы­лыми-зерттеулер нә­­ти­­­­­­­­­­­жесінде шатқал экологиялық са­­­­рап­тамадан өтті. Өкінішке қарай, Қансу мұнай-газ кен орнын барлау жұмыстарына байланысты жоба аяқсыз қалды. Қазіргі таңда барлау тоқтатылды. Енді қорықты ұлғайту мәселесін қайта қарауға болады.

Төртіншіден, Бозжырада су мен коммуникация жоқ. 2017 жылы География институты облыс әкім­дігінің тапсырысымен «Маң­ғыстау облысының туристік әлеуетін баға­лау» атты зерттеу еңбегін жазды. Құжатта нақты ұсыныстар айтылған, бірақ құ­рылыс жұмыстары туралы бір­ауыз сөз кездеспейді. Ақтау қала­сының өзі сумен толық қам­тамасыз етілмегенін ескерсек, Бозжыра не теңіміз?

Бесіншіден, шатқалдың айна­ласында палеолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі кезеңді қам­титын бірқатар археологиялық ескерткіштер табылған. Кейбірі әлі зерттелмеген.

Алтыншыдан, Үстірттің жер қыртысы жұмсақ. Құрамында гипс болғандықтан, топырағы борпыл­дақ. Тіпті, қарапайым көлік дөң­­гелегінің ізі ондаған жыл бойы сай­рап жатады. «Сондықтан мұнда көлік қозғалысын жіті бақылап, түрлі «сафарилер» мен автошеру­лерге қатаң тыйым салу қажет» деп есептейді мамандар. Қысқасы, Бозжыраға ешқандай ғимарат салуға болмайды.

– Туризмді дамыту үшін Үстірт қорығының визит-орталығы Боз­жыра шатқалынан шамамен 20 ша­қырым жердегі Ақтау – Бекет ата тасжолының жанында бой көтергені жөн. Туристер сол жерден Үстірттегі ең тамаша жер­лерге бара алады, – дейді маман­дар. Сарап­шылардың пікі­рінше, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Маң­ғыстау облы­сының әкімдігі Боз­жыра шатқа­лындағы құрылыс жұмыс­тарын толығымен тоқтатуы керек.

Айтпақшы, Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Боз­жырадағы құрылыс мәселесі қоғам­дық талқыдан, экологиялық сарап­тамадан өтуі керек деп мә­лімдеді.

– Қонақүй құрылысы жос­парланбаған, бірде-бір тұжы­рым­дама бекітілмеген, – деді шенеунік.

Кеше Бозжырадан құрылыс техникаларын алып кетіпті деп естідік. Бұл да болса дәтке қуат.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ

 
ID: 0
Тегтер: Бозжырасафари-қонақүй салу жобасытуризмшатқалэколог
Алдыңғы жаңалық

Оққағар қанша тұрады?

Келесі жаңалық

Бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны көбейді

Ұқсас жаңалықтар

Сарыарқа
Әлеумет

Автобусты алты жыл күтсе де, әзірге келер түрі жоқ

Сәуір 21, 2021
сейф, ұры, Алматы, полицей
Жаңалықтар

Полицейлер сейф ұрлаған ұрыны 10 жыл бойы іздеп, Алматыдан тапты  

Сәуір 21, 2021
мамандық
Әлеумет

Елімізде жойылатын мамандықтар аз емес

Сәуір 21, 2021
президент
Жаңалықтар

Президентке Бас прокурор 22 мың кәсіпкердің құқығы қорғалғанын айтты

Сәуір 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Автобусты алты жыл күтсе де, әзірге келер түрі жоқ

Сәуір 21, 11:20

Полицейлер сейф ұрлаған ұрыны 10 жыл бойы іздеп, Алматыдан тапты  

Сәуір 21, 11:15

Елімізде жойылатын мамандықтар аз емес

Сәуір 21, 11:00

Президентке Бас прокурор 22 мың кәсіпкердің құқығы қорғалғанын айтты

Сәуір 21, 10:50

Казино күзетшісі бақылау тобына қару кезенді

Сәуір 21, 10:40

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 21, 10:30

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге нашарлап бара жатыр

Сәуір 21, 10:24
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Сарыарқа

Автобусты алты жыл күтсе де, әзірге келер түрі жоқ

Сәуір 21, 2021
сейф, ұры, Алматы, полицей

Полицейлер сейф ұрлаған ұрыны 10 жыл бойы іздеп, Алматыдан тапты  

Сәуір 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»