Сот үкімін естіп, қашып кеткен адвокатқа іздеу жарияланды – БЖЗҚ ісі
Сот үкімін естіп, қашып кеткен адвокатқа іздеу жарияланды – БЖЗҚ ісі
151
оқылды

11 жылға сотталған қазақстандық адвокат Александр Блокқа мемлекет аралық іздеу жарияланды.

«Адвокат Александр Блок сот үкімі шығатын күні сот отырысына келмеді. Онлайн режимде бейнебайланыс арқылы өзіне шығарылған үкімді естіген. Кейін абақтыға баратынын естігенде жасырынып қалған», – деп жазады дереккөз.

Еске сала кетейік, Алматыда БЖЗҚ-ның экс-басшысы Руслан Ерденаевтың екі адвокат – Александр Блок пен Гүлнар Смағұл сотталған болатын. Тергеу мәліметінде белгілі болғандай, екі заңгер де алаяқтық және лауазымды тұлғаны пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. 11 жылға бас бостандығынан айырылды.