Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Атырауда модульді инфекциялық аурухана ашылды

«Айқын» ақпарат
Қараша 13, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Атырауда модульді инфекциялық аурухана ашылды

Әлем елдерін есеңгіретіп, Қазақ­станды да шарпып өткен пандемиядан зардап шеккен Атырау өңірінде модульді  инфекциялық аурухана пайдалануға берілді.

Атырау қаласы сыртындағы Сарыөзек ауылы аймағында салынған жаңа стационар 180 стандартты орынға және реанимация мен қарқынды терапия бөлімдеріндегі 20 орынға есептелген. Жоба Қазақстан аума­ғында коронавирус  инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ве­домствоаралық комиссия және Атырау облысы әкімдігі бастамасымен жүзеге асырыл­ды.

Жалпы аумағы 6 764 шаршы метрді құрай­тын негізгі ғимарат 8 блок пен жеке тұрған 10 қосалқы ғимараттан түрады. Ол бір-бірі­не галерея типті дәлізбен жалғанған әкім­шілік бөлімі бар медициналық блокты, қа­былдау және диагностика бөлімін, ота жасау бөлімі мен бес палаталық бөлімнен тұратын реанимация бөлімін қамтиды. Сондай-ақ ауруханада медициналық қалдықтарды за­лал­сыздандыру жүйесі, көліктерді дезин­фекциялау пункті, оттегі концентраторы, ор­талықтандырылған оттегімен және меди­циналық газбен қамту жүйесі бар. Барлық па­латалар оттегі беру желісімен жабдықталған. Бұл әр палатада жатқан жағдайы ауыр және аса ауыр науқастарды қарқынды емдеуге мүм­кіндік береді.

Заманауи медициналық жабдықтардан бөлек, жаңа ауруханада дәрігердің науқаспен тікелей байланысуын барынша азайтуға және медициналық персонал арасында ауру та­ралу қаупін төмендетуге бағытталған озық тех­нологиялық жағдай қарастырылған. Сайып келгенде, науқастардың денсаулығын ахуалдық орталық арқылы қашықтан бақы­лауға болады.  Аталған орталықтың көмегімен науқас жағдайының негізгі көрсеткіштері жинақталып, сарапталатын болады. Мұн­дай деректер автоматты түрде алынып, ауыт­қуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Атырауда үш баласы бар әйел ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Атырау

Ғимарат оқшаулау және отқа төзімділік дәрежесі жоғары MODEX темір-бетон блоктан және қаңқалы сэндвич-панельден салынған. Өнеркәсіптік модульді үй құрылысы тех­нологиясының арқасында аурухана құрылысы ең қысқа мерзімде аяқталды. Құрылыс ор­нында күні-түні 1 000-нан астам адам еңбек етті. Құрылыс  нысанының жалпы аумағы      8 064 шаршы метрді, соның ішінде аурухана құрылысының аумағы 7 600 шаршы метрді құрайды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңадан пайдалануға берілген емдеу меке­месіне  барып, жасалып жатқан жұмыс­тарымен танысып шықты. Аймақ басшысы мекеменің  диагностика және емдеу үшін за­манауи медициналық жабдықтармен: ком­пьютерлік томографиямен, сандық рент­ген аппаратымен, медициналық газдар жү­йесімен, УДЗ, ЭКГ, өкпені жасанды желдету аппараттарымен танысып, оттегі жүйесінің қамтылуына назарын аударды.

Госпитальда жергілікті медицина қызмет­керлерімен қатар Грузиядан келген дәрігерлер 6 ай бойына  жұмыс істейтін болады.

«Ең бастысы, жаңа медициналық мекеме өңірдегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», –деді өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Модульді  инфекциялық аурухананың технологиясы мен онда қызмет ететін маман­дардың сапалы қызметі Атырау өңірінің тұр­ғындарын індеттен сақтап қалуда көрінетіні сөзсіз. Алайда пандемияның алғашқы соқ­қысынан аса зардап шеккен жергілікті халық­тың тілегі – індеттің қайта оралмауы. Ол үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы билік жұмыс­ты ұйымдастыруда пандемияның алғашқы толқынында болған қателіктерге жол бермейді деген үміт бар.

Tyrsin

 

 

 

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 
ID: 0
Тегтер: Атырауинфекциякоронавирусмодульді инфекциялық ауруханапандемия
Алдыңғы жаңалық

Бұрынғы президенттің қызы өзіне қол жұмсағаны рас па?

Келесі жаңалық

Туған әкесінен жүкті болған 15 жастағы оқушы босанды  

Ұқсас жаңалықтар

бай мен кедей
Әлеумет

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
бетперде, баға, қымбатшылық
Жаңалықтар

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 2021
Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды
Жаңалықтар

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 2021
Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?
Әлеумет

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Сәуір 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 08:00

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 07:56

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 07:34

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Сәуір 23, 07:03

Бітімгерлік миссиялары: бейбітшілік – басты құндылық

Сәуір 23, 07:00

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 23, 06:59

Таразда оқушыларға оқ атқан кім?

Сәуір 23, 06:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

бай мен кедей

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
бетперде, баға, қымбатшылық

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»